В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dodmitry
dodmitry
25.04.2023 22:05 •  Қазақ тiлi

Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская (186 сөз)

2.Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз

ЭТО СОЧ

Показать ответ
Ответ:
1крутой1дядя1
1крутой1дядя1
30.08.2022 18:02

Материалдың толық нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Аманбаева А.А.

Сынып: 9

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұқар Қалқаманұлы «Ай,Абылай»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Бұқар өмірі мен шығармаларын туралы білімдерін жүйелейді; «Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Сабақ мақсаттары/ бағалау критерии

Барлық оқушылар орындай алады:

Бұқар өмірі мен шығармаларын біледі,«Ай,Абылай»өлеңінің

мазмұнын біледі және кейіпкерге мінездеме бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,кейіпкер бейнесін ашуда өзіндік көзқарасын сыни тұрғыда жеткізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

1.«Ай,Абылай» өлеңінің мазмұнын біледі;

2. Шығарма желісі бойынша кейіпкер бейнесін ашады;

3. Шығармаға компазициялық талдау жасайды;

4. Жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Бұқар өмірі мен шығармаларын біледі,«Ай,Абылай»өлеңінің мазмұнын біледі және кейіпкерге мінездеме бере алады. «Ай,Абылай»өлеңінің негізгі идеясын аша отырып,жырау қолданған сөз айшықтарына,өлең құрылысына талдау жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сюжет,эпитет,

теңеу,метафора,

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қабырғалы би-ықпалды ,күшті би

Парық-1)бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы,ерекшелігі;2) бір нәрсенің қадір-қасиеті,мән-жайы,жай-жапсары;3)белгілі бір істің байыбы,пайымы;4)белгілі бір затқа тән баға,құн.

Парасаттылық-адамға тән байыптылық,байсалдылық.

Азғындық-теріс жолға түсіп,бұзылғандық.

Құндылықтар

Оқушыларды шыншылдыққа,адалдыққа тәрбиелеу .

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнежазба

Алдыңғы оқу:

Жыраулар поэзиясы, Жиембет жырау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Дерек көздер

Басы

5 минут

Оқушылар«Қос шеңберге» тұрып бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді,осы әдіспен үй тапсырмасы сұралады және топқа бөлемін.

Үй тапсырмасы бойынша қойылатын сұрақтар.

-- Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген?

--Жиембет жыраудың толғауларының негізгі сарына не?

-- Жиембет жырау толғауынан үзіндіні жатқа оқу.

«Қос шеңбер»әдісі

Ортасы

5 минут

10 минут

10-минут

-- Бұқар жырау есімін атағанда не ойлайсың?

-- Оның ақындығынан басқа тағы қай қырынан танисың?

Ал ,балалар,біздің бүгінгі тақырыбымыз не екен?

1. Бұқар Қалқаманұлы «Ай,Абылай»

Бұқар жырау Қалқаманұлы –қазақтың ұлы жырауы, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы,атақты Абылай ханның ақылшысы.Сөйлегенде көмейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгілетіндіктен, «көмекей әулие»атанған.

Кезінде арғын руының қабырғалы,беделді билерінің бірі болған;өмірінің біраз шағын хан сарайының-Абылайдың маңында өткізіп,ел басқару ісіне белсене қатысқан.Ол Абылайдың ақылшысы,қателігін түзеп отырар данасы,ел мен ханды қосқан дәнекері болған.Бұқар жырау мұраларының ішінде өз заманын ,сол кездегі кейбір тарихи шындықтарды бейнелейтін толғау-жырлар мен шешендік нақыл сөздері аз емес.

Объяснение: маған лайк бас

0,0(0 оценок)
Ответ:
bedniyboyarin
bedniyboyarin
30.07.2020 05:04

Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай» толғауының басты мақсаты — Абылай ханның ел билеудегі шеберлігін, елдің береке бірлігіндегі Абылайдың орнын көрсетеді.

Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі Қытай мен Ресей аты қос алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасаған. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баһадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттелген.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота