Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.
1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.
1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.[2][3] Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.
Елімізде ең атақты геолог - Қаныш Имантайұлы Сәтпаев. Ол кісі Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді.
Шын есімі - Ғабдулғани.
2019 жылы атақты ғалымның туғанына 120 жыл жыл аталып өтті.
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылы Павлодардағы 2 - сыныпты орыс - қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
Қаныш Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол.
Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.
Бұл кісі нағыз «жеті қырлы, бір сырлы» тұлға болған екен...
Объяснение: