Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. осы компьютердің пайдасы өте көп. мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады. компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген. сонымен, компьютердің ағзасына тигізетін залалы мынадай: - көздің көру қабілетін төмендетеді; - омыртқалардың қисаюына әкеледі; - жүйкеге салмақ түсіреді; - шаршағыштық, әлсіздік басады. 1. мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз. р/с маңызды ақпараттар 1 2 2. мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз. по не переводите ответьте на вопросы на казаском
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.