Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
Есімшесі бар жұмбақ:
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам,сорпасы адал немене екен? (Жауабы:шай).
Есімшесі бар мақал:
Жауда қалған бұлбұлдан,
Отанға қайтқан ит артық.
Есімшесі бар жаңылтпаш:
Циркте қонжық қонжықты он жықты,
Он жыққан қонжық шоң мықты.
Он жығылған қонжық көндікті.
3 есімшесі бар сөйлем:
Самат жазғандарын әкесіне көрсетер кезде,көп нәрсені есте сақтап қалған еді.
8 сөзден тұратын және есімшеге аяқталған сөйлемдер:
Мен бүгін қолым тимейтіндіктен,олардың үйіне ертең барармын.
Оған кеше салқын тигендіктен,бүгін сабаққа келмей қалған.