Kopceren 6. Оқығаның бойынша сурет сал. Салыстыр.
Біздің бақшада он шақты жеміс ағашы өсіп тұр. Олар
қауын мен қарбыз ектік. Сондай-ақ 5-6 қатар қызанақ
пен қияр ектік. Қызанақ, сәбіз, пиязды екі қатардан ектік.
Бақшаның кіре берісінде таңқурай өсіп тұр.
Сонда ұстазы шәкіртінің қолына қарамай -ақ : Шәкіртім асықпа, әр нәрсені жасағанда оны ойланып барып жасаған дұрыс.Жеті рет өлшеп,бір рет кес демейме дана халық. Сенің ойың маған мәлім.Мен қазір ол көбекті өлі десем де,тірі десем де дұрыс болмас.Өйткені оның өмірін осы жерде тоқтату да, тірі қалдырып жалғастыру да сенің қолында.Бір нәрсені дәлелдеуге, ешкімнің тағдырын қимағаның жөн》,-деп жауабын аяқтады.Сонда шәкірті ойланып жасамаған әрекетінен ұялып, көбелекті жібере салды.
Үзіндідегі негізгі ой жамандық жасамауға негізделген.
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!