В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mankoyana
mankoyana
11.11.2021 10:19 •  Қазақ тiлi

Коркем-пулицистикалык макаланы окып, жанрга тан кем дегенде уш ерекшелiктi kopeerinis. Ерекшеліктер: 1) 2) 3) Ғарышты игерген ел Ғарыш-алаштын да аяулы арманы едi... Себебі гарыш когiнде самгау, шексiздiк алемiмен кауышу дуниежүзі елдерiнiн эркайсысынын-ак асыл арманы саналатын. Солардын катарында ежелден ор туган казак та гарышка кулшына кол созды. Армандады... Ел Тәуелсiздiгiнiн карсанында сол арманына жеттi де. 1991 жылдын 2 қазанында тунгыш казак гарышка ушты! Айта салганга гана сондай женiл сох. Ғарышка ушу женiл болып па еді?! Женiп болса, Юрий Гагариннiн өзi неге 2500 эскери узлiк ушкыштын арасынан iрiктелiп, тандалып алынды? Тунгыш казак гарышкері суы тартылып, тузды бораны улеп турган Арал тенiзiнiн аумагын сегiз кун бойы гарыштан суретке түсiрдi. Сурет болганда кандай! Мәскеу ол густа «Наны коп Казакстанга ел аумагынан түсiрiлген көлемі 18х18см болатын гарыштык суреттiн бiр данасын мемлекеттік бағамен 30 мын сомга саткан! (Ол кездегі кенестiн 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.). Гарыштык тажiрибе жасауга бейім казак галымдарынын кейiнгi тожiрибелерiн Талгат Мусабаев узак мерзiмдi гарышта өткізген уш сапарында (1994, 1998. 2001 жылдар) ойдағыдай жузеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кадiмгi бидай дәнiнiн клеткасына осы тектес әрi тукымдас дакыллын ДНК-сын салып, генетикалык трансплантация жасады. Салмаксызлык жагдайында «буыны>> босаган бегде дакылға осылайша экспансиялык әрекет ету аркылы бiрегей тәжiрибе жасалынды. Тауелсiз Казакстаннын гарыш саласына катысты тарихынын жана парагы 2006 жылдын 18 маусымы кунi ашылды. Осы кунi > гарыш айлагынан казакстандык тунгыш «KazSat» Жер cepiri ұшырылды. Аса манызды тарихи салтанатка Казакстан Президенті Нурсултан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин катысты Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиiлетiн телехабарлар таратып, жедел шпгтернет-коммуникациялык кызмет улгiлерiн керсеге бастады. 2007 жылдын аягында да казакстандык Жер серiгiне жоспарланган жумыстын 70 пайызы жуктелiп, акаусыз арi калыпты жумыс iстеп турды. Талғат Мұсабаевтын камкорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титонын халықаралык гарыш кешенiнде болып кайтуымен гарыш саласындагы туризм дәуiрiнiн басталганын да кепшiлiгiмiз бiлемiз. Талгат Мусабаевтын ашык, космоста болған уакыт мерзiмiнiн узактыгына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кiргенi ше... Мунын борi де казак гарышы тарихынын жаркын беттерiнен алынды! Күні кеше гана гарышта болып кайткан тагы бiр каһарманымыз Айдын Айымбетов. Ол казiр Ұлттык гарыш агенттiгiнде косiбiне сай лайыкты кызметiн абыроймен аткаруда. Айдын Айымбетов Президент Нурсултан Назарбаевтын бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы «Қазакстан-Ғарыш» жобасынын бүгiнгi занды жалғастырушысы 2. Макаланы окуга калын копшіліктін кызыгушылығын тударатындай 50-60 созден туратын аннотация жазыныз. Аннотацияны жазуда темендегi клишелердi колданыныз Клишег макалада .. карастырылады. макала ... арналган, макалада ... корсетіледі. макаланын негiзiнде жатыр, автор ... мәселелерге токталалы, автор ... мәселелерiн козгайды, автордын/макаланын максаты керек

Показать ответ
Ответ:
8976Феня
8976Феня
19.11.2022 13:47

"Мектеп формасының құны қолжетiмдi, ал сапасы жоғары болуы тиiс. Мен мектеп формасын кигендi қолдаймын. Бұл бiрiншiден, оқушылардың тәртiбiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, бұл мәселе бiр сыныпта оқитын балалардың барлығын бiр-бiрiмен теңестiредi. Олардың киiм киiсiнде әртүрлiлiк болмайды. Яғни, бiр баланың киімі арзан, екiншiсiнiкі қымбат деген ерекшелiктер орын алмайды. Десе де, бiз мектеп формасының сапалы әрi бағасы жағынан қолжетiмдi болғанын қалаймыз. Жергiлiктi атқарушы органдар сатып алу процедураларын дер кезiнде жүргiзiп, қандай да бiр мәселелер туындаса жедел шешуі тиiс. Ал енді жаңағы мәселе ушығып, біркелкі форма мәселесі дауға айналып жатса, әрине, білім басқармалары арқылы оңтайлы шешім қабылдайтын боламыз. Себебі, форманың түр-түсі мен бағасы, оның іске асыру мекемелерін таңдауды ата-аналар қауымы мен мектеп басшылығы бірлесе отырып, мектеп Жарғысы негізінде қабылдайтындықтан, біз қандай да бір құзырлы орган ретінде іске араласа алмаймыз. Десек те, әрбір мәселені мұқият бақылауда ұстап, тараптардың тиімді шешім шығаруына әсер ететін боламыз", – деді ол өз жауабында.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Kakan123455
Kakan123455
08.11.2022 12:06
«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін. 
«Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам. Ендеше, қазіргі Қожаның сөз саптасынан, жүріс тұрысынан сары атырапта үдере көшкен қаймана қазақтың паң, сабырлы мінезін тани аламыз ба? Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп ойлайсыз?
Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын?!
Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар деппін-ау студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.
Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды:… Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері...» деп емірене толғанбаушы ма еді?!
Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр емес пе. Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл дүние-ау… 
Бүгінгі тілдің бұл бейнесі қазіргі қазақтың жан дүниесінің айнасы болар, бәлкім...«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп пе еді?! Қорқам, келешектен қорқам…
Туған даласын сүйген, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына асығатын Қара Қожа қайдасың?
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота