Он төрт жасар Асан табиғатты қорғау мақсатында оқушылар арасында ұйымдастырылған облыстық "Табиғат – анамыз" атты жобалар байқауында бас жүлдені жеңіп алған еді. Ал жеңімпазға Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына тегін жолдама берілді. Асан қатты қуанды.
Қорықта ол көп нәрсені көрді, білгені де біраз. Бұл қорық Тентек сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған екен. Қорықтың аумағы 12 телімге бөлінген. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Асан бұрын мүлдем көрмеген құстардың түрлерімен танысты. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 17, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 324 және сүтқоректілердің 33 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 16 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор екенін Асан өз көзімен көріп келген еді.
Әңгіме.
Қорықта.