Сұрақ : Қожа Ахмет Ясауи кесенісіне қанша жыл биыл?
Жауап : Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 1397ж салынған.Демек тұрғанына 624 жыл болыпты.
Мәлімет :
Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, ке»іннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған... Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады. Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды. Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған. ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған