В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Kira3998
Kira3998
07.01.2022 19:16 •  Қазақ тiлi

Краткое эссе на тему ұлттық кітапхана на казахском,!

Показать ответ
Ответ:
alina245717887
alina245717887
10.10.2020 21:43

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ – ғылыми-ағартушылық мекеме. 1910 жылғы 31 желтоқсанда Верныйда оқу залы ретінде ашылған. 1924 ж. Жетісу губ. көпшілік, 1928 ж. Алматы округтік көпшілік кітапханасы деп аталды. Ал 1931 ж. Қазақ КСР-нің мемл. көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. Тұңғыш директоры – көрнекті қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхананың басты міндеттерінің бірі Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа өнімдерін жинау деп есептеді. Осыдан бастап, кітапхана республикадағы мемл. ұлттық кітап қорын және жазба мұраларын жинақтап, сақтайтын бірден-бір мекеме қызметін атқарады. Қазақ КСР Мин. Кабинетінің 1991 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен Ұлттық кітапхана мәртебесі берілді. Ол – кітапханатану, библиогр., кітаптану, кітапхана жұмысын автоматтандыру, компьютерлендіру бағытында Қазақстанның ірі ғыл.-зерт. және ғыл.-әдістемелік орталығына айналды. Қазақстандағы баспа өнімдерінің міндетті даналарын, 1995 жылдан ҚР Жоғ. аттестац. к-тінің қорындағы диссертацияларды, 1993 жылдан ЮНЕСКО басылымдарын жинай бастады. Кітапхана 1971 ж. Алматы қ-ның арнаулы жобамен салынған көрнекті сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылатын ғимаратқа көшті. Оның жалпы алаңы 29 мың м2, негізгі кітап қоры екі қабатты сөрелерге орналасқан. Кітапханада әлем халықтарының 100-ден астам тілдеріндегі 5,6 млн. дана басылым қоры бар. Бағалы және сирек басылымдар қоры Шығыс халықтарының тілдеріндегі, көне орыс, Еуропа халықтарының тілдеріндегі кітаптардан құралған. Сирек кітаптар арасында араб тіліндегі Құран (12 ғ.), парсы және араб тілдеріндегі басылымдар, Қожа Ахмет Иасауидің еңбектері (Стамбұл, 1897 ж., Ташкент 1915 ж.), Бақырғанидың еңбектері, Низамидің парсы тіліндегі “Хамсасы” (1488 ж.), Фирдаусидің “Шахнамасы” (1723 ж.), Шығыс ақындары Рудакидің, Омар Хайямның, Саадидің, Хафиздің жинақтары, 19 ғ-дың басында жасалған қазақ хандарының шежіресі, әлемдегі сирек библиогр. құндылықтың бірі – корей энциклопедиясы “Мунхон Биго” бар. 14 ғ-да Д.Дидро мен Ж.Л. Д¢Аламбердің редакциялауымен жарық көрген француз тіліндегі “Ғы-лым, өнер және қолөнер туралы энциклопедия немесе түсіндірме сөздік”, көне иврит тіліндегі ұз. 16 м, теріге жазылған Тора, інжіл (“Евангелие”) (14 ғ.) , т.б. сақталған. Кітапханаға күн сайын 2 – 2,5 мың оқырман келеді. Оқырмандарға 1500 орындық 14 арнаулы зал қызмет көрсетеді. Уақытты үнемдеп, оқырмандарды тіркеу, кітап беру және қайтарып алу жұмыстарын жеңілдететін “Штрихкод жүйесі” іске қосылды. Кітапхана мамандары әзірлеген ұлттық компьютерлік РАБИС бағдарламасы кең өріс тауып, сала жұмысы автоматтандырылды. Әлемдік интернет торабы арқылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін электронды басылымдар залы, электронды каталог жан-жақты қызмет көрсетеді. Ғыл.-көмекші, анықтамалық-библиогр. құралдар шығарылады. Ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерінің қатысуымен түрлі танымдық шаралар, жаңа кітаптардың тұсаукесері, оқырмандар конференциясы өткізіледі. Кітапхана жұмысы “Халық жады”, “Кітап және қолжазба ескерткіштерді сақтау”, “Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе” атты ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Ұлттық кітапхана АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Египет, Франция, Норвегия, Австрия, Түркия, ТМД елдерінің және т.б. елдердің кітапханаларымен байланыс жасап отырады. 1992 жылдан Халықар. кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің, 1993 жылдан Еуразия кітапханалық ассамблеясының мүшесі. “Түркі тілдес елдер кітапханаларының бірлестігі” бағдарламасына қатысады. Оның бастамасымен ҚР-ның кітапханалық ассоциациясы құрылған. К. Қоштаева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота