В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
anonimm852
anonimm852
27.01.2021 21:40 •  Қазақ тiлi

Кроссворд на тему Пайдалы қазбалар

Показать ответ
Ответ:
Molina1234
Molina1234
23.01.2020 13:04
Қарағанды – бұл Қазақстанның  ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала аты осы маңайда көп өсетін қарағана өсімдігінен шықты деп есептелінеді.
Қарағанды өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпан айында алды. Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).Қарағандыда көмір шығару бойынша ірі кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар машина салу, металл өңдеу және тамақ өндірісінің кәсіпорындары бар. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары көп.ХІХ ғасырда қала орнында ештеңе болған жоқ. 1833 жылы Аппақ Байжанов атты шабан бала көмір тапты деген дастан бар. ХІХ ғасырдың аяғында орыс көпестерімен, содан француз және ағылшын кәсіпкерлерімен көмір шығару басталды. Кеніштерде Үлкен Михайловка, Тихоновка, Зеленая балка және Новоузенка поселкелерінің тұрғындары істеді. 
1930 жылы белсенді көмір шығару қайта басталды және келген жұмыскерлер мен олардың жанұялары үшін үйлер салыну басталды. Содан кейін, Майқұдық, Новая Тихоновка және Пришахтинск поселкелері салынды, оларда қайта келген жұмысшылар және мамандардың негізгі массасы тұрды. Бұрынғы поселкелерде де тұрғын көбейді. Қорытындысында, 1934 жылы Қарағанды поселкесіне қала мәртебесі берілді, ал Қарағанды көмір бассейні Бүкілкеңестік құрылыс болып атанды.Тарихқа жүгінсек, Қарағанды «Карагандаги және басқа институттардың негізгі пландары мен жобасына сәйкес жоспарлы және ретті салынды. Жобаларды дайындауда жақсы дайындығы бар сәулетшілер және конструкторлар жұмыс жасады. Мәскеулік сәулетшілермен қаланың бірінші жоспары жасалды. Жаңа қала 300 мың тұрынға болжанды. 1960-жылдардың аяғын
0,0(0 оценок)
Ответ:
vvashr
vvashr
06.05.2020 09:04
А адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Әсіресе, ғасыр, мыңжылдық сынды,тарихта өшпес ізі қалатын межелі кезеңдер таянғанда қатты қобалжығаны рас. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басу үшін де бір ғасыр бойы дұрыстап әзірленіп, әр қилы милленаристік қозғалыстарды бастапты. Сарыуайымшылдар қауымы: «Киелі кітапта айтылатын қиямет-қайым деген орнаса, осы жолы орнайды. Жасаған күнәміз,істеген жаман істеріміз шашымыздан да асып кетті. Ол үшін күллі адамзат болып жауап беретін кезіміз енді келді», – деп қорқыпты. Қиялшылдар қауымы: «Жаратқанның жердегі,ақ желкенді кемемен жақсылық жағасына асыққан үмбетін тегіс жарылқайтын заманы енді орнайды. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнауын талай күтсек, енді сол заманға аяқ бастық», – деп қуаныпты. Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бір пендеміз.Сәуегейлер қанша құйқылжытқанмен, әзір бәрі бәз-баяғысынша. Таң орынынан атып тұр. Күн орынынан батып тұр. Қиямет-қайым болған жоқ. Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік алақызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз. Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота