Кто может красиво и перевести текст? халықтың тұрмыс-салтына , әдет-ғұрпына , шаруашылық жағдайларына , дүниетанымына байланысты тұған өлең жырлар тұрмыс-салт жырлары деп аталады . тұрмыс-салт жырлары тақырыбы , мақсаты , қолданылуына қарай еңбек және шаруашылық кәсiпке байланысты туған өлең жырлар және әдет-ғұрып , салт-санаға байланысты туған өлең-жырлар болып екi түрге бөлiнедi . еңбек және шаруашылық кәсiпке байланысты тұған өлең-жырлар төрт түлiк малға , еңбекке , аңшылыққа байланысты туған өлең-жырлар және наурыз жыры болып бөлiнедi . әдет-ғұрып , салт-санаға байланысты туған өлең-жырлар үйленуге байланысты және ң әртүрлi қөңiл күйiне байланысты туған өлең-жырлар болып бөлiнедi . сонымен қатар дiнге байланысты туған өлеңдер де тұрмыс-салт жырларына жатады . тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негiз болған мұң-шер өлеңдерi мен саят жырларынан бастап , халықтың күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiне байланысты , қуаныш пен сүйiнiш-күйiнiштi көрсететiн лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседi . соның iшiнде наурыз жырлары , төрт түлiк мал туралы өлеңдер ең көне түрлерi болып саналады . мұндай жырларда ежелгi ң еңбек бөлiнiсi , кәсiбi , түрлi тотемдiк түсiнiктерi табиғаттың жұмбақ сырына үңiлiп , оған табынудан туындаған ұғымдары сипатталады . түркi халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып , мазмұн , түр , жанр жағынан ұқсас келедi . мысалы , нәрестенiң дүниеге келуi , үйлену , дүниеден қайту, еңбек мерекесi т.б. дәстүрлi салттар түркi халықтарында өлең-жырсыз өтпейдi . қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгiлi бiр әуенмен орындалады .