Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Осы жол бойында тұратын белгілердің арқасында жол білмесеңде адаспай жетуге болады. Сондай-ақ жол белгілерін адамдардың қауіпсіздігі мен жолда кедергілер де бар екенін айту үшін қолданады.
Жол белгілерінің бірнеше түрлері бар:
1. Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
2. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
3. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
4. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
5. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.
6. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Объяснение:
дұрыс болмаса кешір
Объяснение:
Тұрақты тіркестер : А, Ә, Б, Ғ, Д
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес
Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды
Ажл оғы атылды – өлді, мерт болды
Ажары кірді – көріктенді
(Бұл пост кітапханаға баруға ерінетін жалқау оқушыларға арналған)
Азуы алты қарыс – қаһарлы
Азуын айға біледі – мейлінше батыл қайрат көрсетті
Айдар тақты – әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі – асқақтап дәурен сүру
Айды аспанға шығарды – аты шықты, таң қалдырды
Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта
Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды
Айна қатесі жоқ – дәл, тұп-тура
Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетті – түсінбеді
Айы оңынан туды – жолы болды
Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары қанды
Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу
Ақ ауыз қылды – алдап кетті
Ақ жарқын – ашық көңілді
Ақ иық – айрықша асыл қыран
Ақ киізге көтерді – хан сайлады
Ақ саусақ – жалқау
Ақ тамақ – қыздың сұлу тамағы
Ақыл(ой) таразысына салды – ойланды
Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу
Ала ауыз (алты бақан) – бірлігі жоқ
Ала болды – араздасты
Ала көзімен атты – жек көріп, тіктесе қарады
Алақанға қарады- дәмеленді
Алақанның аясындай – тар жер
Алақанына түкірді – іске дайын тұрды
Ал-дал болды – әуре –сарсаң күйге түсті
Алқам-салқамы шықты – тозығы жетті
Алқымынан алды – қинады
Алмасын қанға суарды – кектенді
Алпыс екі тамыры босады – елжіреп, мейірімі түсті
Араны ашылды – аш көзденді
Арасынан қыл өтпейді – өте тату
Арқа сүйеу – сүйеніш еті
Арқаны кеңге салу – асықпау, саспау
Арқасы мұздап қоя берді – сескенді
Арнасына (сабасына) түсті – ашуы тарқады
Артына сөз қалдырды – кейінгіге өнегелі сөз қалдырды
Ас аш өзегіне түсті – ішкен тамағы кеселге соқтырды
Ас қайырды – бата берді
Асығы алшысынан түсті – жолы болды
Ат арылту – әуре болу
Ат ойнатты – басынды
Ат салысу – көмектесу
Ат ізін салмау – хабарласпау
Ат ізін суытпау – жиі келіп тұру
Атарға оғы жоқ – ашуланған адам
Ат-тонын ала қашу – басын алып қашу, жауапкершіліктен бас тарту
Аузын буған өгіздей – үндемейтін адам
Аузына құм құйылды – жағы қарысты, сөйлей алмады
Аузынан бір елі тастамайды – үнемі айтады
Аузынан салбырап түскенбей – айнымай ұқсаған
Аузының салымы бар – несібелі кісі
Ауыз жаласу – жақтасу, болысу
Аш көз – қомағай адам
Аяғы аспаннан келді – тас талқаны шықты
Аяқтандыру – үйлендіру
Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ – бассыздық, тәртіпсіздік
Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу
Әпер бақан – шаш ал десе, бас алатын адам
Базары тарқады – дәурені өтті
Балақтағы бит басқа шапты – болмашы жұрт қорлады
Бармағын тістеді – өкінді
Бас білдіру – үйрету
Бас изеді – келісу
Бас имеу – келіспеу, берілмеу
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ
Басынан сөз асырмау – басындырмау
Бауыр басу – үйрену
Бес аспап – өнерлі
Бес саусақтай білу – жетік білу
Бет бақтырмау – бой бермеу
Бетке айту – шындықты көзіне айту
Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды
Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер
Биті торғайдай, мойны ырғайдай – арық
Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару
Бүйідей тиді – әлек салды
Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды қорғап жүретін киелі бейнелер
Далаға кетті – босқа кетті
Дәм-тұзы жараспады – тату-тәтті тұра алмады
Деміне (кеудесіне ) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті
Дымын шығармау – үндемеу
Ділгір болу – өте мұқтаж болу