Кто решит Административный Тест по Казахскому. а также 10р на QIWI. Кто решит правильно! Буду проверять! В случии не правильного ответа буду банить ответы, после этого вас забанят! ІІ нұсқа
1-мәтін
- Сен не себепті 16-желтоқсан күні демалатынымызды білесің бе?
- Әрине, білемін. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Сондықтан осы күні сабақ оқымаймыз, демаламыз.
- Неге 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» деп аталады?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Сен Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші болып қай мемлекет мойындағанын білесің бе?
- Иә, бірінші болып Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай халық Республикасы, одан кейін Ұлыбритания мойындады.
- О-о, бәрін білесің ғой?!
- Әрине, біз тәуелсіз елдің баласы екенімізді мақтан етуіміз керек.
- Иә, дұрыс айтасың. Тәуелсіздік көп қиыншылықпен келді ғой. Мен де тәуелсіз Қазақстанда тұрғанымды мақтан етемін.
- Еліміздің тәуелсіздігін сақтау өз қолымызда. Ал сен қалай ойлайсың?..
- Сен Қазақстанның жер көлемі бойынша нешінші орынды алатынын білесің бе?
- Иә, Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады.
- Дүкендерде елімізде дайындалған тауарлар толып тұр. Саған өз елімізде дайындалған қандай өнім ұнайды?
- Маған өз елімізде дайындалған сүт өнімдері ұнайды.
1.Мәтін не туралы? А) 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» В) 1-желтоқсан «ҚР Тұңғыш Президент күні» С) Америка Құрама Штаттары күні
Д) Қытай Халық Республикасы күні
Е) 16-желтоқсан «Тәуелсіздік күні» туралы
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет?
А) Америка Құрама Штаттары
В) Қытай Халық Республикасы
С) Ұлыбритания
D) Куба мемлекеті
Е) Италия
3. «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қай жылы қабылданды?
А) 1992 жылы 16 желтоқсан
В)1995 жылы 16 желтоқсан
С) 1989 жылы 16 желтоқсан
Д) 1991 жылы 16 желтоқсан
Е) 1973 жылы 16 желтоқсан
4. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады? А) 9-орын В) 8-орын С) 5-орын D) 2-орын Е) 10-орын
5 .Сөйлемді дұрыс аудар.
Оқушы тақтаға сөйлем жазды.
А) ученик у доски читает стихотворение
В) ученик на доске пишет мелом
С) ученик на доске написал предложение.
D) ученик вытер доску
Е) ученик написал предложение в тетрадь
6. «Ерте» сөзінің синонимін тап. А) ежелгі
В) кеш С) түн D) тез Е) таңертең
7. «Ту» сөзінің синонимін тап. А) елтаңба В) әнұран
С) жалау
D) желтоқсан Е) гимн
8. Сын есім нені білдіреді? А) заттың санын В) заттың атын С) іс-әрекетті
Д) заттың түр-түсін
Е) мезгілді
9. Сын есімнің сұрақтары қандай? А) Неше? Қанша? В) Қайтті? С) Кім? Не? Д) Кімнің? ненің?
Е) Қандай?
10. Сын есімнің мағыналық түрлері қандай? А) сапалық, қатыстық В)негізгі, туынды С)жалпы, жалқы D)дара, күрделі
Е)жуан, жіңішке
11. Берілген сөйлемнен негізгі сын есімдерді тап. Менің құрбым әдемі, ақылды және сенімді. А) ақылды,сенімді В) әдемі,сенімді
С) әдемі
D) ақылды, құрбым Е) менің, құрбым
12. Мен кітап дүкенінен кітап сатып алдым. А) әдемі
В) қызықты
С) жылы
D)аласа
Е)ақылды
13. У Алии очень длинные волосы. Сөйлемнің дұрыс аудармасын тап.
А) Әлияның шашы ұзын.
В) Шашы Әлияның қысқа.
С) Қысқа шаш Әлияда.
Д) Әлияның шашы өте ұзын.
Е) Ұзын шаш Әлияда.
14. Біз жазғы мектепті асыға күтеміз. Сөйлемдегі қатені тауып, дұрыс жауабын белгіле.
А) демалысты
В) кітапты
С) досымды
D) сабақты
Е) отбасымды
15. Дұрыс жазылған сөйлемді анықта.
А) болады бүгін тілі сабағы қазақ.
В) бүгін қазақ тілі сабағы болады.
С) бүгін болады қазақ тілі сабағы.
D) қ
азақ тілі болады бүгін сабағы.
Е) тілі сабағы болады қазақ.
16. «Көңілді» сөзі қай сөз табына жатады.
А) сан есім
В) зат есім
С) етістік
Д) сын есім
E) үстеу
17. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
Қайрат жазғы демалыста ауылға
А) бардым
В) барасың
С) барасыз
Д) барамыз
Е) барады
18. Жазда күндер қандай болатынын тап.
A) ұзақ
B) кең
C) қысқа
D) қараңғы
E) жарық
19. Антоним сөздерді табыңыз:
А) Кілтпен ашты
В) Биік, аласа
C) Әдепті бала
D) Әдейі, арнайы
E) Қалаға барды
20. Сөйлемдегі етістіктің болымсыз формасын тап.
Құс жолы күз айларында жақсы көрінеді.
А) көрінеді
В) көрінбек
С) көрінгелі тұр
Д) көрінбейді
E) көрінді
1) Сұраулы сөйлем деп – біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
2) Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
3) Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Қарындасың – қарлығашың.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Отан – отбасыдан басталады.
Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі.
4) Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде адамның екі түрлі мінезі туралы,білім,білуге ұмтылу керектігі айтылады.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген а екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.