Кто сможет этот текст переводить на ? ) мен сабақтан келген соң,бос уақытым болады! сондықтан уйге келіп,киімімді ауыстырып,қолымды жуамын да асымды ішіп сосын ас үйді реттеп сабаққа кірісемін.сабагымды оқып болған соң,оқулықтарды түгендеп саламын.уақыт зымырап өтеді.кешкі асымды ішемін.теледидар қараймын.көзім шаршаса демаламын.əбден шаршап кетсем.тісімді жуамын да,ұйық!
қанша сынып
Объяснение:
Менің сүйікті ақыным... Мұқағали Мақатаев. Осы есімді айтқанда көңіл шіркін сан құбылады. Өйткені мен Мұқағали өлеңдерін оқып,жаттап өстім. Алғаш шәкірт атанып,мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ Мұқағали өлеңдерімен таныстым. Мұқағали деп аталатын ақын барын естіп,оның өлеңдері санамнан бір сәт кеткен емес. Балалық бал дәуреннің қызығымен бірге бойға сіңген ақын өлеңдері жан дүниесіне мен ой-санамды түгелдей билеп алғандай еді. Мұқағали өлеңдерін оқып отырып балалықпен қоштастым,Мұқағали өлеңдерін оқи отырып кеудеме сыймай аласұраған алғашқы сезіммен де арпалыстым. Мұқағали өлеңдерін оқи отырып әлемде махаббат деп аталатын сезім мен құдіреттің барын ұқтым.Қуансам қуанышымды бөлісетін,қапалансам қайғымды ортақтастыратын Мұқағалидің өлеңдері еді. Тіпті көзге жас,көңілге мұң ұялаған сәттерімде Мұқағали атамның поэзиясын тыңдаймын. Қазақ халқының бір ғана Абай болса,Мұқағали да жалғыз. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары жылдар өтсе де жаңғыра береді. Ақын жүрек тоқтаса да жыр жүрегі мәңгі тоқтамайтын ақынның өлеңдерін өмірден бөліп қарастыру мүмкін емес.Қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали төл әдибеттіміздің шоқжұлдызы болып қала бермек.