Күздің бір күнінде біз отбасымызбен саяxатқа қала сыртына шықтық. Ауа райы да қолайлы болып қоңыр күздің самалымен лескен тау бөктерінде таза ауамен тыныс алып демалған күйді жеткізе алар емеспін. Біз саяxаттаған жер қала маңынан алыстау болғандықтан ол жерде уялы телефонның байланысы ұстамады, тіпті керек те болмай қалды. Біз демалысқа саяxаттап шыққан соң озімізбен тамақ ала шықтық, әкем етпен кәуап істеді, анам түрлі тәтті бәліштер пісіріп шыққан еді. Дәмді болғаны соншалық барлығын таусытып, кешкісін уйге қарнымыз ашып келді. Осылайша біздің саяxат ойдағыдай жақсы көңіл күймен өтті.