«Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма, Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?
Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына.
Адасқандай тылсым нудан,
Біз олардың кір су құйған
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық»..
· «Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық»...
Сұрақ:
Ақын нені жоғалтуға шақ қалдық дейді?
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.
Көшпенділер дегенде көбіне өз ата бабаларымыз есімізге келеді. Қазақтар бағзы заманнан қазіргі уақытқа дейін мал бағып малдың қамымен көшіп қонып жүре берген. Тек қана соңғы жүз жылдың ішінде индустрияландыру заманында және кешегі Сталиннің ұжымдастыруының есебінен орнықты өмір салтына көшіп кетті.
Көшпенді халықтар көбіне жылына кем дегенде екі рет көшіп отыратын болған. Жазда жайлауда кең жерлерде өмір сүрсе, қыста суықтан сақтану үшін тау бөктерлерінде пана жерлерді таңдайтын болған.
Көшпенді халықтар көбіне уақытын ат үстінде өткізген. Сонымен қатар олар үнемі мал үшін ыңғайлы жерлер іздеумен болған. Соның бір мысалы ретінде Асан қайғыны айтуға болады. Ал жақсы жерлер үшін талас та әрқашан қиын болған. Сондықтан олар көп соғысып жүрген.