Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Қазақ КСР-і, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Теміртаудағы металлургиялық комбинат құрылысына бүкіл одақтан комсомолдарды жинап жатқанын естіп, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буды. 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 км жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Турасын айтқанда Назарбаев кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға еді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін. Назарбаев естеліктерінде менмен амбициясының болмағанын, басқарушы лауазымдарға құмар болмағанын айтады, бірақ жас күнінен әрқашан да бірінші болу керек деген дағды қалыптасқан. Осы кезеңде ол басшы ретінде цех басшылары мен министрлерге дейін қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан нұрсұлтан назарбаев сынды ұлы көшбасшысы бар қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. бүгінгі қазақстанның басты мақсаты - ған, бәсекелестікке қабілетті, ең ған 30 елдің қатарынан көріну. «мәңгілік қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы елбасы нұрсұлтан әбішұлы назарбаевтың қазақстан халқына арналған жолдауы осыдан бір жыл бұрын елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі ң жаңа саяси бағдарын, яғни, қазақстандық ң бағыт –бағдарын айқындап берді. «мәңгілік қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы мі деп атап өтті елбасы.