Ә өлеңде аталған тыйымдардың мағынасын түсіндіріңдер. Үлгі: «Жағыңды таянба» деп жатамыз. Неге? Жақты таяну,
біріншіден, көрер көзге сүйкімсіз, өрескел көрінеді. Екіншіден, басы-
на қайғы түскен, өмірдің соққысын көріп, басы ойға толып ауырлап,
басын көтеруге шамасы келмей қалған адам ғана жағын таянады.
Бұл тыйым осындай халге жетпесін», «мұндай жағдайды басына
бермесін» деген ізгі ниеттен туған.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.
Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас