Алматы - Іле Алатауының бөктерінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан Қазақстанның ең ірі қаласы. Алматы, енді республика астанасы болмағанымен, қала Орта Азияның қаржылық, экономикалық және мәдени орталығы болып табылады. Мұнда, көптеген бизнес орталықтары, театрлар, мұражайлар, көркем галереялары, көрме залдары бар. Алматы тамаша Тянь-Шань тауларымен қоршанған. Қаланың мақтанышы ол - 28 парк гвардияшыл - панфиловшылар көшесі, ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы, А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері мұражайы болып келеді.
- Алло, сәлеметсіз бе? - Алло, сәлеметсіз бе? - Бұл Мараттың пәтері ме екен? - Иә, Мараттың пәтері. - Маратты телефонға шақырыңызшы. - Марат үйде жоқ еді, ол іссапарда. Кешіріңіз, сіз кім боласыз? - Қап, мен Семейден келіп едім. Мараттың досы – Асанмын. Ертең кетемін. Оның ұялы телефонының нөмірін бересіз бе? - Асансыз ба, сіз туралы Марат айтқан. Асан, өзіңіз қалайсыз, отбасыңыз, бала-шағаңыз қалай? Мен Мараттың жұбайы – Арайлыммын. - Арайлым, кешіріңіз. Біз таныс емеспіз ғой. Сондықтан білмей жатырмын. Менің отбасым, бала-шағам аман, бәрі жақсы. Өздеріңіз қалайсыздар? - Рақмет. Бәрі жақсы. Марат Астанаға кетті. Асан, бізге қонаққа келіңіз. Үйде мен бармын. Мараттың анасы бар. - Көп рақмет. Келе алмаймын. Асығыспын. Келесіде міндетті түрде келемін. - Жарайды, онда қинамайын. Мен оның ұялы телефонын берейін. Жұмыс телефонын да жазып алыңыз. - Иә, жазып алайын. - Сізге көп рақмет. Маратқа сәлем айтыңыз. - Оқасы жоқ. - Сау болыңыз. - Сау болыңыз.
- Алло, сәлеметсіз бе?
- Бұл Мараттың пәтері ме екен?
- Иә, Мараттың пәтері.
- Маратты телефонға шақырыңызшы.
- Марат үйде жоқ еді, ол іссапарда. Кешіріңіз, сіз кім боласыз?
- Қап, мен Семейден келіп едім. Мараттың досы – Асанмын. Ертең кетемін. Оның ұялы телефонының нөмірін бересіз бе?
- Асансыз ба, сіз туралы Марат айтқан. Асан, өзіңіз қалайсыз, отбасыңыз, бала-шағаңыз қалай? Мен Мараттың жұбайы – Арайлыммын.
- Арайлым, кешіріңіз. Біз таныс емеспіз ғой. Сондықтан білмей жатырмын. Менің отбасым, бала-шағам аман, бәрі жақсы. Өздеріңіз қалайсыздар?
- Рақмет. Бәрі жақсы. Марат Астанаға кетті. Асан, бізге қонаққа келіңіз. Үйде мен бармын. Мараттың анасы бар.
- Көп рақмет. Келе алмаймын. Асығыспын. Келесіде міндетті түрде келемін.
- Жарайды, онда қинамайын. Мен оның ұялы телефонын берейін. Жұмыс телефонын да жазып алыңыз.
- Иә, жазып алайын. - Сізге көп рақмет. Маратқа сәлем айтыңыз.
- Оқасы жоқ. - Сау болыңыз.
- Сау болыңыз.