В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vasakaktakovlwla
vasakaktakovlwla
14.02.2022 02:04 •  Қазақ тiлi

өлең мазмұны бойынша бірнеше сұрақ дайында. Көршіңмен диалог құр. Поиогит ! ДЛИННЫЙ ДИАЛОГ. На фото стих по содержанию которого нужно составить диалог. ​


өлең мазмұны бойынша бірнеше сұрақ дайында. Көршіңмен диалог құр. Поиогит ! ДЛИННЫЙ ДИАЛОГ. На фото

Показать ответ
Ответ:
57338888
57338888
22.08.2022 08:17
«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін, ол Лениндік сыйлықтың  лауреаты (1959) атанды. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады.«Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей немесе жарым-жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдыры өмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұстасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі  роман-эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән-мағынасы басқаша ашыла түседі. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға күш салады. Яғни жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай, типтік тұлға дәрежесіне көтеріліп суреттелуін ұтымды көрді. «Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногрофия секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.Бір айта кетерлігі – Кеңес үкіметі кезінде болған қатал цензураның арқасында жазушы Мұхтар Әуезов көптеген жайттарды тарихи шындықтан алшақтап, көркем шындыққа қол жеткізуге тырысты. Жазушының одан басқа амалы болмады. Сондықтан да Құнанбай образы біршама шындықтан ауытқыды. Алайда көркем туынды ретінде бұл- дұрыс шешім еді. Олай жасалмаса Абай образы қажет деңгейіне көтеріле алмас еді деген пікірді ұстанатын да ғалымдар бар. Қалай дегенмен де, «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақ халқының энциклопедиясы деуге тұрарлық тарихи роман бола алды. Тұрмыс-салт пен дәстүр нағыз қазақы бояу-нақышымен үлкен суреткерлік шеберлікпен жарық көрді. Сондықтан да «Абай жолын» ұстаздар әрбір қазақ баласына оқып шығуға кеңес беріп келеді. Роман-эпопеяда бала Абайдың  дана Абайға айналу жолы, көптеген қақтығысты оқиғалармен өқріле отырып, сол дәуірдегі қазақтың өмір-салты түгел дерлік суреттелдген деуге болады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
nicgames
nicgames
15.12.2021 14:47

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев  1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Бекен өжет, өте пысық еді. Қоянды базарына жиі қатынайтын. Сол ұзын жолда ыңылдап өлең шығарады екен. Отыздың бел ортасында елге билік айтуға қолы жетті, болыстыққа сайланды.

Анасының есімі – Гүлсім. Гүлсім – Қызылжарда тұратын керей Әшірбек (Әшірбектің ағасы Құрманбайдан Мағжанның болашақ әйелі Зылиха туады) деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.

Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 19 жасында Қазан қаласында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарады. Бұл 1912 жылы болған еді. Содан бастап Жұмабаевтың есімі Омбы, Петропавл, Семей қалаларындағы әдеби қауымға мәшһүр болады. Жазғандары жұрт аузына ілігіп, жастардың піріне айналады.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота