Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. Өлеңді төмендегі үлгіге қарап сатыла кешенді талдау жасай алсаңыз талдап көріңіз.
ҮЛГІ:
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
«Қыс»өлеңі
1. Авторы: А.Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл--- философы, композитор әрі аудармашы, реформатор.
2. Тақырыбы: қыс мезгілінің ерекшелігі, ащы аяз, долы боран кезіндегі ауыл, ел өмірі.
3. Жанр түрі: өлең. Бұл өлең табиғат лирикасына жатады. Себебі, ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі, сезімі арқылы білдіреді.
4. Идеясы дегеніміз - ақынның айтар ойы мен мақсаты. Өлеңнің идеясы-қыс сипатын күшейтіп суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақырады.
5. Шумақ дегеніміз - аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 5 шумақтан тұрады.
6. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әр жолы. 22 тармақты
7. Бунақ дегеніміз - белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 2-3,3-3 бунақты
8. Буын саны--- дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
9. Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді. Бұл өлең қара өлең (а-а-б-а) және кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б)
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Троп немес құбылту түрлері
Эпитеттер: ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ орда, жас балалар,қайран жылқы, кәрі шал.
Кейіптеу: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы -үскірік аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Теңеу: ұшпадай, бұлттай.
11. Сөздікпен жұмыс.
Ұшпа-бұлт (жеке, шоқ бұлт), бурадай—түйенің долданып, ашулануы.
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Шидем мен тондарын қабаттап кисе де, долы боранға тура қарай алмаса да, мал соңында қар жамылып, мұз жастанған жылқышылардың ерлігіне риза боласың,үлгі аласың. Суықтан, аштықтан әлі құрыған жылқыларды ауыз салмақ болған аш қасқырларға жем қылмай, сақтанып, елге сойып беруге ақыл етеді.
Қазағымның қайтпас қара нарысың,
Туған елдің абыройы, арысың.
Тайталаста тайдырмаған
намысын,
Ұрпағыңа қасиетің дарысын, – деген ақын жолдарымен басталған бұл кітап басынан аяғына дейін қазақтың қара нары, елінің сыйлы да ұлағатты азаматы, қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың өмір жолы мен қызметіне арналыпты.
Ұзекеңмен мен біраздан таныспын, өзін көрмей тұрып, бірінші атына қанықтым. Құрылыс инженері мамандығы қазақ жерінде тек 60-жылдардың басында ғана қалыптаса бастады, дәлірек айтсақ, осы мамандық бойынша алғашқы түлектер 1962 жылы еліміздің құрылыс индустриясын дамытуға қанат қаққан еді. Сол алғашқы түлектердің бірі болғаным – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ даласында сәулет өнері кенже қалған дүние емес: қалалар, астаналарды айтпағанда, жаз-жайлаудан кейін қыстың қатал ызғарында ық, пана болатын қыстақтар салынғаны бұрыннан-ақ белгілі, бірақ халықтың басым көпшілігі үшін құрылыс ісі атакәсіп болып қалыптаспаған. Сондықтан да болар, сол 60-жылдардың басында құрылысшы жұмысшылардың арасында қазақтар некен-саяқ кездесетін, қыз-келіншектер тіпті болмайтын да. Қазіргі Никольский шіркеуінің қасындағы базардың маңында университет жатақханасын салып жатқан бригадаға бір қазақ қызының жұмысқа келуі үлкен оқиға болған.Бұл жайттың тосын әрі қызық болып көрінгені соншалық, Алматы қаласы бойынша құрылыс-монтаж басқармаларында (СМУ-17) қызмет атқаратын 3-4 қаралы қазақ жігіті сол қызды көруге барғанбыз. Ол кезде құрылысшы қыз-келіншектердің бәрі орыстар болатын, солардың ішінен кәдімгі жұмысшының комбинезонын киіп, қолына сылақшының құралын ұстаған қазағымыздың қараторысы көзге оттай басылған еді.Ол уақыттарда қыз баланың құрылыс ісінде қара жұмыс істегені, әрине, қазақ тәрбиесіне жат нәрсе еді.