Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «Қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «Қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. Әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. Соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз. Себебі бүгінгі қазақтың баласы кешегі өткен тарихына мұражайлық экспонат ретінде қарайтын сияқты. Осылайша, бізде ұлттық мұраларымызды экзотика ретінде ғана қабылдау қалыптаса бастады. Десек те, мұндай қасаң қағидаларды өзгертіп, ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарас қалыптастыруға әбден болады екен. Мұны 10 миллионға жетер-жетпес қазаққа «Қара жорғаны» серпіле билеген әлгі 10 мың биші дәлелдеп бергендей. Еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан кәдімгідей ажырап қалдық. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-ақ бақты. Әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған Алаш жұрты Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады. О баста «оралман» деген атқа ие болған қандастарымызбен бірге бірте-бірте ұлтымыздың сан жылдар бойы жоғалып кеткен құндылықтары, салт-дәстүрлеріміздің кейбір нұсқалары мен өнері ортамызға қайта оралып, сәнін беріп әрі мәнін ұқтыра бастады.Бөркімізді аспанға атқызған «Қара жорға» да атамекеніне оралған қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. Енді, міне, сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. Әдетте әр халық өзінің бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады.
Тебе про доктора пойдет Менің болашағым -дәрігер болу Дәрігер болу- менің арманым, Дәрігер- ол өзінің адамдарға берген шипасы,ол адамды сауықтырып ,адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Соған 'Ақ халатты абзал жандар!'' деп халық жәй айтпаған,Дәрігер болуды армандап жүрген адамдар көп,бірақ ол үшін мамандық алу ғана жеткіліксіз,Адам өміріне деген жауапкершілік,адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз,Дәрігер болу менің бала кезден ойлап жүрген арманым деп айтылды ғой,болашақта жаны ауырған адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жан деп бағалар едім,Ал, сол үшін, менің арманыма қосатын үлесім ол- білім алу,Білім- ол дәрігер болуға баратын баспалдақ деп ойлаймын,Сондықтан қазіргі барлық жігерімді білімге,сабаққа салу керек,Мектепті жақсы бітіріп,дәрігер мамандығын таңдауға да болады!
Менің болашағым -дәрігер болу
Дәрігер болу- менің арманым, Дәрігер- ол өзінің адамдарға берген шипасы,ол адамды сауықтырып ,адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Соған 'Ақ халатты абзал жандар!'' деп халық жәй айтпаған,Дәрігер болуды армандап жүрген адамдар көп,бірақ ол үшін мамандық алу ғана жеткіліксіз,Адам өміріне деген жауапкершілік,адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз,Дәрігер болу менің бала кезден ойлап жүрген арманым деп айтылды ғой,болашақта жаны ауырған адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жан деп бағалар едім,Ал, сол үшін, менің арманыма қосатын үлесім ол- білім алу,Білім- ол дәрігер болуға баратын баспалдақ деп ойлаймын,Сондықтан қазіргі барлық жігерімді білімге,сабаққа салу керек,Мектепті жақсы бітіріп,дәрігер мамандығын таңдауға да болады!