В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
pikeik
pikeik
03.05.2022 13:28 •  Қазақ тiлi

Лем Е • Кестені пайдаланып, өлең мазмұнын топта талқыла.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Жүз түрлі ұлт
Халықтың
ынтымағын паш
етеді
Қазақстан
алып ел
жүз уықтай​

Показать ответ
Ответ:
112811281128
112811281128
15.08.2021 03:26
Әрқашан дос біргеміз,                                                 
Ажырамас іргеміз.                                                 
Ілгері жүріңдер,                                                 
Достық жырын біліңдер!»- деп Х. Талғаров айтқандай нағыз достық- бұл өмірде демеу болар, қандай жағдай  болмасын сені қолдап, қорғап, сыр бөлісіп, ән-жырды, ойын- күлкіні бөлісіп жүретін адал жандар арасындағы адал сезім. Достықтың екі түрі бар. Бірі- адал дос болса, екіншісі- амал  дос болар.Әр адамның өзіне жақын сыр бөлісер, адал, әрі жан досы болады. Адал, әрі жан досың саған әрқашан жақсылық ойлайды.Сенің қамыңды ойлап, жанын беруге де даяр ақкөңіл  жан. Қиын жағдайда жұбатып, көңіліңді көтере білетін, қайғыда да, қуанышта да қасыңнан табылады. Ал, амал досқа келетін болсақ, олар тек өзінің пайдасын ойлайды. Қандай жағдай болмасын, кез-келген жерден алдап, арбап, өз қара қу басына қиын жағдай түссе, сатып кетеді, болмаса алдап кетеді. Ал, өзінің басына күн туса, басқалардың аяғанын қалайды. Менің оқыған ертегім « Екі дос», желісі бойынша түйгенім, досыңа адал болу арқылы  ғана жеңіске жетуге болатындығын түсіндім. «Аққуды атпа, досыңды сатпа»- деп, ата- бабамыз бекер айтпаған. Егер адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ пікірде болса ғана достықтары берік болады. Достық- өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Достыққа адал болу, көмек-тесу және оны қадірлей білуден адамның жақсы қасиеті көрінеді. « Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» - демекші, достарымыз көп болсын ағайын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
zoltomon
zoltomon
15.08.2021 03:26
Қаймақ - сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршықтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты. Қойдың сүті қою болғандықтан, оның қаймағы да сиыр мен ешкі сүтінің қаймағынан қалың болады. Қаймақ қалың болу үшін сүтті тасытпай, шымырлатып қана бабымен пісіру керек. Сүт әбден суығаннан кейін қаймағын қасықпен сыпырып, қалқып алады. Қаймақты ағаштан, қайыңнын тозынан (қабығынан), ысталған темірден жасалған қақпағы бар ыдыста сақтайды. Бабымен пісірілген сүттің қаймағы майлы да жұмсақ болады. Қаймақты езіп шайға қатса, шайдың дәмі келіп, өңі ашылады. Бидай мен тарыны қаймаққа араластырып жеуге болады.

Құрт - сүттен дайындалып, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті біртіндеп жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға құйып, суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қоюланған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, ұсақтап бөліп, шиге, тақтайға қолмен әр түрлі формаға келтіре сықпалап өреге жайып кептіреді. Оның негізгі түрлері:күлшежармасықпашүйірмекКүлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) домалақтайды. Одан кейін оң қолдың бас бармағымен төрт саусақтың арасына қысып бүйірін жұқартып, дөңгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшені бүйірін тесіп, моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына, өренің ашасына іліп кетіреді. Оны көп кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді.
Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып, төрт саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды.
Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақтың бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді. Құрттың қай түрі болса да өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал сықпа мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды.
Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады:ақ құрт - көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майын әбден алған іркіттен қайнатылады. Кейде аздап тұз қосын кептіреді. Ол көбінесе жазда, күзде желінеді.қара құрт - ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді "құрт көже" даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт "малта" деп аталады. Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен (азу тістерімен) үгуге болады. Құртты ыстық суға, сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота