ответ:Ғылыми-техникалық революциялардың тарихы қызық-ақ. Бірінші ғылыми-техникалық революцияға Англияда ашылған екі техникалық жаңалық негіз болса, екінші ғылыми-техникалық революцияға негіз болған ғылыми жаңалықтар мол еді және тек Англияда ғана емес, көптеген елдерде орын алып, талай елдің арасында бәсекелестік туындады. Кенже қалған елдердің табиғи байлықтарын, жерін иелену, пайдалануда өз үлесін неғұрлым мол қарпып қалу, басқа елге есесін жібермеу үшін күрес айқын көрініс тапты. Дамыған елдердің әскери күштері өзге елдерге өктемдік жүргізіп, олардың табиғи байлықтарын өз пайдасына жарата білді. Жекелеген мемлекеттерде де, мемлекеттер арасында да әлеуметтік қайшылықтар, бәсекелестік туындады. Адамзат қол жеткізген ұлы ғылыми жаңалықтар тек қана ізгі ниет жолында ғана емес, көбіне зұлымдық мақсаттарда қолданыс табуы орын алды.
XX ғасырда екі дүниежүзілік соғыс өткені мәлім. Бірінші дүниежүзілік соғыста жаппай қырып-жоятын улы газдар қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жаппай қырып-жою қаруы ‒ атом бомбасын қолданумен аяқталды.
Алайда екінші ғылыми-техникалық революцияның басталуы бірінші техникалық революцияның тоқтап қалуына алып келді деп ойлауға болмайды. Бірінші революциядағы ғылым, техниканың дамуы, жетілдірілуі екінші ғылыми-техникалық революцияға алып келді. Өз кезегінде соңғы жаңалықтар бастапқы революциядағы техниканы жетілдіруге зор ықпал етті. Барлық ғылыми-техникалық революциялар әрқашан өзара ұласып, кең өріс алатыны айқындалды.
1895 жылы Германиядағы Вюрцбург университетінде (Бавария) көрнекті физик неміс Вильгельм Конрад Рентген (1845–I923) табиғаты беймәлім сәуле ашты да, оны Х-сәуле деп атады. Бұл сәуле Ресейде, Қазақстанда, т.б. елдерде рентген сәулесі, Еуропа елдерінде, ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиетте Х-сәуле (беймәлім сәуле) болып аталады. Осы жаңалығы үшін I901 жылы Рентген бірінші болып Нобель сыйлығын алды. Рентген сәулесі заттың, дененің, бұйымның тұтастығын бұзбай ішкі микроқұрылымын зерттеу, өндірілген бұйымның ішкі ақауларын, олардың мөлшерін, орналасуын айқындауға медицинада диагностикалық мақсатта қолдануға мүмкіндік ашты және рентгендік сұрыптау процесі деген жалпы атау алды. Бірінші дүниежүзілік соғыста Францияда Мария- Складовская Кюри рентген қондырғылары орнатылған машиналарды майдан даласында жараланған жауынгерлерге диагностикалық мақсатта қолданды.
Рентген сәулесі арқылы бұйымды қаз-қалпында сақтап, оның ішкі кристалдық құрылымын зерттеу металтану, металфизикасы, қатты денелер физикасы ғылымдарында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Арнайы рентген аппараттары жасалды, оларды өндіретін кәсіпорындар құрылды. Қазақстан осы заманауи жаңалықтан шет қалған жоқ. Ақтөбе қаласында рентген аппараттарын өндіретін зауыт жұмыс істеуде, оның өнімдеріне шет елдерден сұраныс жоғары.
1896 жылы француз химигі Антуан Анри Беккерел (I852–1908) уран тұздарының көзге көрінбейтін сәуле шашатынын дәлелдеді. Бұл құбылыс радиобелсенділік болып аталды. Радиобелсенділік химиялық элемент – уранға тән құбылыс екені анықталды.
1897 жылы Джозеф Джон Томсон (1856-1940) атом құрамына кіретін теріс электрзарядты элементарлық бөлшек ‒ электронды ашты. 1906 жылы Д.Томсонға Нобель сыйлығы табысталды. Зерттеулер нәтижесінде электрондар ағыны электр тогі (электрлі ағын) деп аталған табиғат құбылысы ашылып, бұл құбылыс мол энергия көзі екені анықталды және оны өндіру, басқару, қолдану кең ауқымды өріс алды. Дамыған елдерде электрификациялау жүргізілді және әлі күнге жалғастырылуда. Қазақстан да бұл заманауи үдерістен тыс қалған жоқ. Еліміз электр энергиясын ішкі қажеттілікке жеткілікті мөлшерде, экспорттауға да мүмкіндігі бар шамада өндіреді. Дегенмен электр энергиясына сұраныс жыл санап өсуде.
1898 жылы Франция ғалымдары Пьер Кюри (1859-I906) және Мария Складовская-Кюри (I867-1934) химиялық радиобелсенді элемент-радийді ашқандарын жариялады. Бұл ғалымдар радиобелсенділік құбылысын алғашқы және нәтижелі зерттеушілер қатарынан орын алды. Аталған ғалымдар Нобель сыйлығымен марапатталды. А.А. Беккерел, Пьер Кюри және Мария Складовская-Кюридің жоғарыда айтылған ғылыми жаңалықтары – радиобелсенділік құбылысын зерттеудегі соны ғылыми бағыттың бастамасы болып табылды және бұл бағыт атом энергиясын қолдануға арналған ғылыми-техникалық зерттеулермен және атом энергиясын игерумен ұласты.

Объяснение: осынай бірдеңені таптым енді