В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Gous55
Gous55
06.09.2022 02:49 •  Қазақ тiлi

Ілияс Есенберлин қалам тартпаған әдебиеті жанры​

Показать ответ
Ответ:
PROGamerTV11
PROGamerTV11
23.04.2020 08:24
Анама және әжеме деген махаббат
Мен өзімнің анамды қатты-қатты жақсы көремін.Иә қай бала анасын жақсы көрмейді десенші.Бірақта анасынан тезірек құтылғысы келіп,қарттар үйіне апарып жатқандар аз емес.Ол үлкен күнә болып есептеледі.Жұмақтың кілті ананың табанының астында.Анаңды Алланың құтты мекені Меккеге үш рет апарсанда ананның ақ сүтін ешқашанда өтей алмайсын деген екен Пайғамбарымыз.Біз тек анамыздың толғағынан ғана құтылдық.Ана деген өмірде біррет қана беріледі,сондықтанда анамызды қадірлейік.Көз ашқалы ең бірінші көрген адамымыз ол ана.Анамыз ешкімнен кем болмасын деп,бәрінен алдыда жүрсін деп барын берді.Кірпіктіге қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай бар білгенің үйретуде.Анамыз біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай біздің жайымызды ойлады.Анаң сені бақса,енді сенің кезегін.
Әжеме келетін болсам,әжем жақсы кісі.Менің әжемнің аты…………
Әжеміз кешке қарата үлкенде татулығы мол дастарқанда ас ішіп отқанда өзінің бастан кешкен оқиғаларын айтып береді.Ал біз мұқият тындап отырамыз.Сосын әжемді сұрақтың астына аламыз.Әжем маған жатарда ертегі оқып береді.Мен де әжеме қызықты кітаптарды оқып беремін.Мейрамдарда әжеме және анама ашық хаттар сыйлаймын.Әжем маған ақ батасын беріп алғыс білдіреді.Менім анама және әжеме деген махаббатым атты шығармамда аяқталды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
shaxzad123
shaxzad123
23.04.2020 08:24
Қымыз[өңдеу]

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады. Қымыз ашытылатын ыдыстың ішіне қойдың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қымтап қойып, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні ең кемі аптасына бір рет әбден жуып, кептіру, ең кемі бір рет ыстап отыру қажет. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан «ескі» дәм шығып тұрады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғаса береді. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбіне жетерлік мөлшерде қор қалуға тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары төмендегілер: 1.Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда аштылатын қымыз. Мұны бие бау деп те айтады. 2.Бал қымыз- әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады. 3.Бесті қымыз –төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. 4.Дөнен қымыз- үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз. 5.Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді. 6.Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады. 7.Қысырақ қымыз – бірінші рет құлынданған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлде 8.қайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте «Ту қымыз» деп айтады. 9.Қысырдың қымызы- бие ағытылып кеткен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды «қысырдың қымызы» дейді. 10.Сары қымыз –шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады. 11.Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады. 12.Түнеме қымыз- ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні (тағы бір күн асқаннан кейін) қотарылған қымыз. 13.Қорықтық (тасқорықтық) – тек қана қой - ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамақ. Ағаш тостаққа не сапты-аяққа сауып қой сүтіне отқа әбден қыздырылған малта тасты бір-бірлеп салып отырады. Шикі сүт 2-3 минутта қайнап, піседі.

Балқаймақ[өңдеу]

Балқаймақ шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ (кілегей) құйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа құйылып, бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі. Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер себіледі, бал салынып, ұн қосылады. Содан соң араластырып, тағы да (8-10 минут) қайнатылады. Дайын болған қоспаны ыдысқа аударып, дасттарқанға әкеле беруге болады. Ол көбінесе дастарқанға шаймен бірге беріледі. 1 стакан қаймаққа 2 шай қасық бал немесе 1 ас қасық құмшекер 1шай қасық бидай ұны керек.



0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота