Ілияс Омаров атындағы театр
Қостанай облыстық қазақ драма театры 2000 жылы құрылды. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен театрға Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімі берілді. 2000 жылдың 14 қыркүйегінде Елбасы театрдың ресми ашылу салтанатына қатысып, Әбіш Кекілбаевтың "Абылай хан" қойылымын тамашалады.
Шығармашылық ұжымды талантты бас режиссер Жамбылбек Есенбеков басқарды. Театрдың шығармашылығын қалыптастыру үшін, республиканың қалаларының тәжірибелі актерлер шақырылды.
Составить 6 во
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.