В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
eden23
eden23
14.10.2021 06:34 •  Қазақ тiлi

Ұлпан кеиіпкерлер жүиесін құру​

Показать ответ
Ответ:
olesyapetrova8
olesyapetrova8
23.03.2021 17:15

Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

Есеней — романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол — ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.

«Түрікпен» Мүсіреп — Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары — бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал—мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.

Аңшы Мүсіреп — Есенейдің достарының бірі. Өзі мерген,шебер,аң аулаудан жанын салмайтын адам.

Шынар — түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі. Шынардың әкесі етікші болған. Шынар — қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек. Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі. Аяғында кестелі етігі бар.Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі. Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.

Артықбай мен Несібелі — Ұлпанның ата—анасы.

Біжікен (Бибіжиһан) — Есеней мен Ұлпаның қыздары.

Тілеміс — тілмаш және Торсанның әкесі.

Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс ,кәрі би Өтеміс — ауылдың би-болыстары.

Хұсайынғази — молда.

Еламан — Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.Еламанның үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.

Айтолқын — Еламанның әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген.Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.

Торсан — Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған.Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота