Құлпытас бейітке қойылатын тас белгі. Дүниежүзі халықтарында құлпытастың көптеген түрі кездеседі.
Ежелгі шумер, мысырлық, этрустар заманында құлпытастар адам мү-
сіні түрінде жасалды. Құлпытасқа адам бейнесі қашап салынды. Оны мәйіт-пен бірге қою дәстүрі ғұн заманы, Түркі қағандығы, қыпшақ, түркеш дәуір-
лерінде кең жайылды.
Құлпытастардың шығу тегі, рәміздік мән-мағынасы туралы ғылымда
нақты тұжырым қалыптаспаған. Қалай болғанда да, қазіргі қазақ даласын-
дағы құлпытастардың арғы тарихы сақтар мен ежелгі түркілердің тас мүсін-
дерімен, сондай-ақ көне түркі жазуы қашалған бітіктастармен байланысты
екені анық.
Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген
халықтың қолөнері мен мемориалдық үрдісі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен
дүниетанымының белгісі іспетті. Мысалы, түркі жерінде ислам дінінің та-
ралуына байланысты бейнелі құлпытастардың орнына өрнекті көктастар
қойылатын болды. Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілді. Бі-
рақ аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір зат-
тың суретін бейнелеуге тыйым салынды. Сондықтан құлпытастарға арабша
«Құран» сүрелері мен аяттар жазылды.
Түркістандағы Ясауиге қойылған құлпытаста, сонда жерленген қазақ
халқының атақты хандары мен қайраткерлерінің басына қойылған құлпы-
тастарда осы үрдіс сақталған.
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.