Еліміз енді тәуелсіздік алған тұста, мемлекетіміз үшін ең жауапты кезеңде құрылып, бүгінде тұрақтылықтың тұтқасына, бірлігіміздің бастауына, ұлттар арасындағы достықтың «алтын көпіріне» айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміз үшін маңызы зор. Заманның аласапыран кезінде тағдырдың жазуымен ұлан-байтақ жерімізге көптеген ұлт өкілдері жер аударылып келіп, қоныстанды. Бүгінде олар қаны бөлек болғанымен, қазақ халқымен жаны бір, ұлты басқа болғанымен, халқымызбен арманы ортақ біртұтас елге айналып отыр. Әрине, бір шаңырақтың астында 100-ден астам ұлт пен ұлысты татулық пен бірлікте ұстап отыру оңай емес. Осыны сезген Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылында-ақ Ассамблея құру идеясын ортаға тастаған еді. Нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ол бүгінде сәтті жұмыс істеп, өзге елдердің де жоғары бағасына ие болып отыр.