М. Макатаев. "Анау аспан, мынау бақ" Анау - аспан, мынау - бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты, қылаулап, Қыс та келіп қалған-ау. Аспан, жердің арасын. Дәрігер-қыс алуда. Табиғаттың жарасын Ақ дәкемен таңуда. Таңдырып ап мандайын Тағы көйлек сұрап жүр. Бақты кезіп, тал-қайың, Жалаң аяқ жылап жүр .Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен Қыс - тазалық, қыс - аппақ ,Әрі өкініш, әрі өлең...
пословицы: 1. Ана тіл - атадан қалған асыл мұра. 2. Өнер алды қызыл тіл 3. Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте 4. Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады. 5. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.
Сабақ кестесі туралы диалог.
Анасы: Балам, бүгінгі сабақ кестең қалай?
Баласы: Бүгін төрт сабақ оқимыз.
Анасы: Бүгін қандай сабақтар оқытылады?
Баласы: Бізде бүгін қазақ тілі, ағылшын тілі, математика сабақтары бар.
Анасы: Қазақ тілі нешеде басталады?
Баласы: Қазақ тілі кесте бойынша бірінші сабақ, яғни сағат екіде басталады.
Анасы: Ағылшын тілі сабағы нешеде аяқталады?
Баласы: Ағылшын тілі бүгін екінші сабақ, үш отыз бесте аяқталады.
Анасы: Жақсы, үшінші сабақ математика ма? Одан нешеде шығасың?
Баласы: Ия, математика үшінші сабақ. Ол төрт жиырма бесте аяқталады.
Анасы: Ал соңғы, төртінші сабақ нешеде басталады?
Баласы: Соңғы сабағымыз төрт жарымда басталып, бес он бесте аяқталады.
Анасы: Жақсы, онда бестен аса мектептің жанына келіп, сені күтіп тұрамын. Сосын екеуіміз атаң мен әжеңнің үйіне барамыз.
Баласы: Жақсы, анашым. Онда кездескенше!
Анау - аспан, мынау - бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.
Аспан, жердің арасын.
Дәрігер-қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Таңдырып ап мандайын
Тағы көйлек сұрап жүр.
Бақты кезіп, тал-қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр
.Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен
Қыс - тазалық, қыс - аппақ
,Әрі өкініш, әрі өлең...
пословицы:
1. Ана тіл - атадан қалған асыл мұра.
2. Өнер алды қызыл тіл
3. Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте
4. Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
5. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.