В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Kruzhilina242003
Kruzhilina242003
04.08.2022 08:18 •  Қазақ тiлi

"Ұлт ұстазы " тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріне қатысты ЭССЕ ​

Показать ответ
Ответ:
Marièfar
Marièfar
14.01.2021 12:20

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.

Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Erikalallala
Erikalallala
14.01.2021 12:20

2017 жылы еліміз қазақ қоғамы мен мемлекетінің қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, педагог, публицист, түркітанушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығын атап жатыр.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған оның есімі жарты ғасырдан астам уақыт бойы аталмай, Қазақстан тарихынан лайықты орын ала алмады.

А.Байтұрсынұлы бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысында, шаруаның жанұясында дүниеге келген. Алғашында ауылда білім алып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ училищесі (1886-1891) мен негізін Ыбырай Алтынсарин қалаған Орынбордағы мұғалімдер мектебін (1891-1895) тәмамдаған.

Мұғалімдік қызмет жолын 1895 жылы бастаған. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінің ауыл, болыс училищелерінде сабақ берген. 1905 жылы саяси қызметке көшіп, «Қарқаралы петициясы» авторларының бірі атанды. Бұл құжатта жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. 1907 жылы алғаш патша әкімшілігін сынаған адам ретінде қамауға алынып, 1909 жылы губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тағы да тұтқындалды. грамматики.

Дәл осы кезеңде ол қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ізденістерін жүргізіп, ұлттық жазу реформасын дайындап қана қоймай, қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау береді.

Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. Ол «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.

Шығармашылық жолын Ахмет Байтұрсынұлы мысал жазудан бастады. Оның өлеңдері қазақ халқының мүддесі мен үмітінен сыр шертіп, білім мен мәдениетті насихаттады. «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911) шығармаларында қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.

1913 жылы Байтұрсынұлы Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, қалың қазақ зиялыларының қолдауымен Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Оның бас редакторлығындағы газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге мәселелерін қозғады. 1918 жылдың күзіне дейін шығарылғанның өзінде «Қазақ» газеті ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымдардың негізгі газетіне айналды.

1917 жылғы төңкерістен кейін, «Алаш» партиясының мүшесі А.Байтұрсынұлы Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары ретінде сайланды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. Оның атымен аталған Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Кезінде қазақ халқын сауатсыздықтан арылтқан «Жаңа Емле» төте жазуын бүгінде Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде тұратын қандастарымыз әлі де пайдаланады.

1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеу абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Байтұрсынұлы «халық жауы» ретінде ату жазасына кесілді.

1988 жылы Ахмет Байтұрсынұлы ақталды.

Елбасы кітапханасының кітап қорында 2004 жылы жарық көрген А.Байтұрсынұлы шығармалар жинағының үш томы сақтаулы. Оның алғашқы томы өлең-мысалдар мен әдеби-ғылыми зерттеу материалдарынан құрылған. Екінші том оқушы-студенттер мен мұғалімдерге, сондай-ақ кең аудиторияға арналған оқу құралы болса, жинақтың соңғы томы – оқулықтар мен әдістемелік құралдардың толық жинағы.

Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаянының негізінде бір қатар еңбектер жазылған. Олардың кейбіреуі Елбасы кітапханасында да бар. Мысалға, Райхан Иманханбетованың «Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны» мен Амантай Ахметовтың «Рух әміршісі» («Властелин духа») атты кітабы қазақ ағартушысының өміріндегі елеулі кезеңдерді баяндайды.

Елбасы кітапханасының қорында Ахмет Байтұрсынұлының 125 жасына орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы да сақтаулы тұр.

 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота