В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
liteops04
liteops04
01.06.2020 20:40 •  Қазақ тiлi

Ұлттар достығының ұйытқысы Қазір ақпарат құралдарында, теледидар
арналарында Қазақстандағы халықтар
достығына байланысты әңгіме,
сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле
бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры
бар. Қазақ ежелден бауырмал
болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай,
жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы
Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы
бар емес пе. Адамдар арасындағы
сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті
дініміз ежелден уағыздап келеді.
Бойында бұрыннан исламдық рухы бар
қазақ халқы ынтымақ пен достықты
қадірлейді. Еліміз әрдайым ұлтаралық
достықты, ынтымақты басты ұстаным
еткен. Соның нәтижесінде Қазақстанда
ұлттар достығы қалыптасып, ұлтаралық
жарасымдылық барынша жолға
қойылған. Басты мақсат –
ынтымақтастықты сақтау.
Қазақстанда барлық ұлттар ұлттық салт-
дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып,
тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Еңбек еткен
кез келген ұлт өкілінің тамағы тоқ,
кейлегі кек,
1 мамыр – Қазақстан халқы мен ұлт
өкілдерінің бірлігі мен ынтымақ күні.
Мұндай айтулы күндер әр мемлекетте
бар. Десе де, әр ұлт өкілінің қиын-қыстау
заманда қалай келгендері, қазақтардың
қамқор болғандары көкірегінде сайрап
тұр. Қолы ашық, қонақжай қазақ халқы
оларды жатсынбады. Қазақстанды
мекен еткен түрлі ұлттар мен
ұлыстардың өкілдері бейбітшілік бесігіне
айналған елімізді мақтан еткісі келеді.
Биыл уыздай ұйыған берекеміздің
берекетін әйгілеп, осы айтулы күнді
айрықша өткізбек. Әрдайым қазақ
жерінде тыныштық болсын,
Тапсырма
1. Мәтін мазмұнына лайықты
даналық ой [1]
А) Елің - панаң,
Жерің - анаң.
C) Бетен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
Д) Бірлігі бар ел озады,
Бірлігі жоқ ел тозады.
E) Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
B) Ит - тойған жеріне,
Ер жігіт -туған жеріне.
ПАМАГИТЕ

Показать ответ
Ответ:
paris555
paris555
04.09.2022 06:37

Аудармасы.

Аспазшы – тағам дайындаумен айналысатын адам. Аспазшы нағыз сиқыршы, себебі ол күнделікті азық – түліктен өте дәмді тағам әзірлей алады. Аспазшы мамандығы кез – келген салада қажет: мектептерде, ауруханаларда, балабақшаларда, асханаларда, кеңселерде, мейрамханаларда, әскерде, өйткені аспазшы тағамды жай ғана дұрыс пісіріп қана қоймай, сонымен қатар өз ісін сүйетін адам. Жақсы аспазшыны тіпті басқа мемлекеттерге жұмысқа шақырады. Аспазшы мамандығы - әлемде ең танымал әрі сұранысқа ие мамандық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
марко19
марко19
04.07.2021 22:02

ответы:

Менің үйім[1] — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота