В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Damira123451
Damira123451
24.12.2022 16:38 •  Қазақ тiлi

Ұлы қытай қорғаны туралы эссе тез арада

Показать ответ
Ответ:
Кирюха2017
Кирюха2017
25.11.2020 12:34

Ұлы Қытай Қорғаны - аспан асты елінің символы әрі Қытайдың ең көрікті жерлерінің бірі. Мұны әрбір шетел туриcті де біледі. Ұлы Қорғанның кескіндемелерін көптеген буклеттер, атлас пен жол көрсеткіштері арқылы көруге болады.

Ұлы Қытай қорғаны Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 ж.) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 ж.) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады

Б.з.б. 221 ж. тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 км-ге жеткен

Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды.

Ұлы Қытай Қорғаны - аспан асты елінің символы әрі Қытайдың ең көрікті жерлерінің бірі. Мұны әрбір шетел туриcті де біледі. Ұлы Қорғанның кескіндемелерін көптеген буклеттер, атлас пен жол көрсеткіштері арқылы көруге болса да, бұл кереметтің пайда болу тарихын екінің - бірі біле бермейді деп хабарлайды

Ұлы Қытай қорғаны Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 ж.) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 ж.) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады

Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды.

Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдаланған. Олар биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті

Шығыста Бохай жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 км-ге жетті. Негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр болса, табанының ені 6,5, үстіңгі жағының ені 5,8 метрді құраған.

Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар.

Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота