Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын
жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар,
алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен
темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен
ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар
базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа,
Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай б.з.б. II
ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек
жолы Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының
кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және
«құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне
Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте
кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-
шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар
тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге
таралған. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы
Қытай жібегі мен Иран кiлемi жеткізіліп тұрды. памоги те
мәтінді оқып аудару керек деп ойлаймын