В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
GRISHINANASTYA
GRISHINANASTYA
21.04.2021 08:57 •  Қазақ тiлi

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат- ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын

Мәтіннен тірек сөздерді тауып жазыңыз​

Показать ответ
Ответ:
Asuacom
Asuacom
14.12.2020 19:29

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады.

Арқауы ерен ерлік дастанының,

Қайраты елге әйгі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,

Жұлдызы жарқырайды аспанының.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады?Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны өсуде. Неге денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі, кім кінәлі? Бұған әр адамның өзі кінәлі. Өйткені біз келешегімізді ешқашанда қабылдағымыз келмейді. Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым дейтін ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген жастар адамгершілікпен баяғыда қоштасқан. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтып көктетеді? Елінің қамын қашан ойлайды? Оны қалай қорғамақ? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсын.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
konybekrauan
konybekrauan
25.12.2020 19:05

1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өткізілді.

Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.[2]

Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.

Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейхан (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.

Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейхан бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота