В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
LoliPIP
LoliPIP
23.02.2023 16:39 •  Қазақ тiлi

МҰҒАЛІМНЕН ТАПСЫРМА Ерте метал дәуірінің діни түсініктері:(сиыну,салт дәстүр,сенімдер) түсінік беріңіз

Показать ответ
Ответ:
Спроситель5
Спроситель5
07.05.2021 06:31

Оқиғаның шарықтау шегі:

Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың  үйін паналайды.  Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады

Оқиғаның шешімі:

Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.

Қорытынды: "Сол замандағы қазақ тұрмысынан менің түсінгенім" тақырыбына эссе жазыңыз. Эссе жазу құрылымын ескеріңіз ( кіріспе, негізгі, қорытынды).

"Бақытсыз Жамал" романы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш рет роман жанрында анықтама алған туынды. Бұл шығармаға арқау болған XX ғасырдың басында қазақтың кез келген ауылында, кез келген шаңырағында өтуі мүмкін, әркімге таныс ортақ сипаттары бар жалпылық мәнді жайттар. Романның негізгі мәселесі сол замандағы Жамал сияқты қыздардың тағдырын, сонымен қатар өмірдің құбылыстарын қамту.

Туындыдағы үстемтап өкілдерін жазушы автор ретінде даттаушы деп білемін. Себебі, шығарма тақырыбының өзінде Жамалдың бақытсыз екені көрсетілген. Сонымен қатар, билік үшін қыз тағдырын аяқ асты ету, оның ішкі сезімдерімен санаспау, бір-бірі үшін жаратылған екі жасты айыру оқиғаны шиеленістіре түседі.

Романның сюжетіне тоқталатын болсақ, ең алдымен Жамалдың бақытсыздығы әкесі Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген ішкі есеппен Байжанмен құда болуынан басталады. Содан кейін қыздың өмірінде әртүрлі оқиғалар мен азапты күндері, бір-бірімен сабақтасып, махаббат жолындағы күресі суреттеледі.Қаншама тосқауылға төтеп беріп, қиын кезде қасында болған жақын адамының дүние салуы Жамалдың еңсесін түсіріп, жасытады. Ол жалғыз қалғандықтан, еріксіз Байжанның босағасын аттап, сол шаңырақта зорлық көреді. Ақыр аяғында өмірдің қиын да ащы өткелдерінен өткен бақытсыз қыз боранды түнде адасып, қайғылы махаббаттың уын ішіп өмірден өтеді. Міне, шығарма желісі бойынша жағымсыз кейіпкерлерді даттау автордың басты қалам тартқан түпкі ойы деп есептеймін.

ХІХ-ХХ ғасырларда халқының қамы үшін ширығып, жан беруге даяр болған қаламгер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсаты - алаштың азаттығы мен отарлық езгіден құтылуы болса, роман жазудағы мақсаты - қазақ қыздарының еркіндігі мен адамның өзін-өзі билеуі. Сонымен қатар, сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүр мен мінез-құлқын, кемшіліктері мен өр қылықтарын баяндайды. Қазіргі заманмен салыстыратын болсақ, ақынның өмірлік мақсаты да, романдағы мақсаты да орындалды. Бүгінгі таңда қазағымыз тәуелсіз, оған ешбір мемлекет билігін жүргізе алмайды. Сол сияқты қыздарымыз да өз-өзін билей алады, бейбіт заманда оларға ешкім де зорлық көрсете алмайды!

Объяснение: Міржақып Дулатов шығармасы

0,0(0 оценок)
Ответ:
DedSToporom
DedSToporom
22.06.2020 17:57

«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...

Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.

Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?

Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.

Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?

Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.

Еркебұлан: Қандай керемет! Ал сіздің досыңыз қандай адам?

Аспандияр: "Ағаш тамырымен, адам досымен мықты" деп бекер айтылмаса керек. Данияр екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші. Өмірде осындай, Данияр сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін.

Еркебұлан: Аға, менің де сіздей адал досым болса екен!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота