Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі.
550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы. Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды.
Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін, қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғағап, халық қорғаны бола білді.