Қозы көрпеш - баян сұлу i "қозы көрпеш - баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп жайылған түрі. бұл жыр "қыз жібек" хикаясы сияқты тек қазақтың өз тумасы ғана емес, мұның әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. "қозы көрпеш - баян сұлу" әңгімесінің бір түрі орыс тілінде 1812 жылы қазанда басылып шыққан. барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын радлов жазып алып, бастырған. ойрат тілінде "қозын еркеш" дейтін жыр бар. солардың бәрі де "қозы көрпеш - баян сұлу" жырын өзіне меншіктейді. қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше варианттар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. бізге мәлім болған "қозы көрпеш - баян сұлу" жырларының кейбір варианты ертедегі заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреулері бергі xviii-xix ғасырда өңделіп жаңғырған. және кейде "ноғайлы" деген ескі атаулары жойылып, оның орнына кіші жүздің шеркеш руы, не орта жүздің бағаналы (найман) руларының аттары аталады. бірақ, бұл нұсқалардың қай-қайсысын алсаңыз да, алғашқы сюжет асылы - біреу. әр дәуірдің, әр жердің ақындары өз ортасындағы тыңдаушыларының ыңғайына тартқанымен, оның негізгі мазмұны, оқиға желісі бір арнаға саяды. "қозы көрпеш - баян сұлу" жырын 1870 жылы қазақ арасынан жазып алып, орыстың атақты ғалымы, академик радлов немісше және қазақша бастырған (шығармалар жинағы, iii том). екінші түрлі бір көркем нұсқасын қазақтың тұңғыш ғалымы шоқан уәлиханов атақты жанақ ақынның өз айтуынан жазып алдым дейді. бірақ бұл қымбат вариантты кезінде шоқан бастыра алмағандықтан, зерттеушілерге әлі күнге шейін мәлім емес болып келе жатыр.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды

Объяснение: