Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. /Таба, нан/.
Үсті темір, асты темір, Ортасын ал да кемір. / Таба, нан/.
Былқ-былқ ,былқ семіз, Қабырғасы жоқ семіз. /Қамыр/.
Бар еді бір жұмбағым егін емес, Кісінің егейін десе ебі келмес. Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей, Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес. /Тұз/.
Өзі аппақ қардай, Шайға салсаң балдай. /Қант/.
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас. /Жұмыртқа/.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су. /Жұмыртқа/.
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды, Қайнатса оның суы мұз болады. /Жұмыртқа/.
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен, Бөденені біреу атып жеген екен, Еті арам, сорпасы адал немене екен? /Шай/.
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар, Қиын жерден қуанып ауыз толар, Мен өзім қаршығамнан дән алыппын, Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар? /Кесе, шай/.
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ, Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ. Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң, Байлаған екі жақтан тесіп құлақ , Ойнақтар ор текесі ортасында, Денесі басқалардан ұзынырақ. /Қымыз, саба, піспек/.
Сылдыр сұйық, анады, Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? /Сүт/.
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті, Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты. /Емшек сүті , бес саусақ/.
Қырымда бір құдық бар суы батпан, Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың, Бетіне бетегесі шығып жатқан. /Айран/.
Әрі сусын, әрі дәрі , Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті ,елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі . /Қымыз/.
Шиге жайып кептірген, Өзі қышқыл, түсі ақ , Сорсаң дәмді, түсі ақ , Жаңғақтай-ақ домалақ. /Құрт/.
Мың қойым суға жүзеді, Қойшысы бірге жүзеді. /Көже мен шөміш/.
Кішкентай құдығымның суы тәтті. /Жіліктің майы/.
Асты тақтай, үсті тақтай, Арасында асыл мақтай. /Жіліктің майы/.
Сол жай: кітап Ша оған әріптерді танысамын. (Әліппе)Асықтай құлаққа Бұралаң ұқсас, қарамастан Бізге постоять болар-болмас жұмсайды Қарамастан және жолға шық- жоғары шық-. (Үтір)Жаңа үйді қолда несу, қарамастан Үйдің есіктері - құлыпта. Мұнда тұрғындар қағаздар, қарамастан Барлық кереметтей маңызды. (Портфель) Мен биыл асығамын Көшеден үй: Мені үй күтеді Әңгімеші мылқау (Кітап) Қанаттармен, ал летит, қарамастан Тілмен, ал айтады. (Хат) Это книга не простая: По ней буквы изучаю. (Букварь)На крохотное ушко Похожа завитушка, Велит нам постоять чуть-чуть И отправляться дальше в путь. (Запятая)Новый дом несу в руке, Дверцы дома — на замке. Тут жильцы бумажные, Все ужасно важные. (Портфель) Тороплюсь я нынче С улицы домой: Ждет меня дома Рассказчик немой (Книга) Без крыльев, а летит, Без языка, а говорит. (Письмо)
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/.
Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/.
Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/.
Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/.
Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/.
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/.
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/.
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/.
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/.
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/.
Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/.
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті , бес саусақ/.
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/.
Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/.
Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/.
Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/.
Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/.
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/.