Мөлдір бұлақ пен лай су
Көктем мезгілі. Адамдар бітеліп қалған бұлақтың көзін тазалады. Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Оның тұнық суынан әрі бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Лай суға бұл ұнамады.
Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өзінің арнасына бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
- Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек,- деп кеудесін қақты Лай су.
- Онда көлге бірге барайық , әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды. Екеуі көлге келді.
Көл олардың сөзін тыңдады да :
- Кімнің адамдар мен тіршілікке пайдасы тиссе, сол ақсын,-деп жауап береді.
Содан бері Мөлдір судың ағысы тоқтамаған екен.
2-тапсырма.Мәтіннен 3 есімдікті тауып кестеге жаз, оның мағыналық түрін, сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
есімдік
Мағыналық түрі
Сөйлемдегі қызметі
Объяснение:
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/
© e-history.kz
Халқының ұлттық құрамы сан алуан.Ақтөбе бекінісінің құрылысы басталған 1869 жылғы 28 мамыр қаламыздың негізі қаланған күн болып есептеледі.Ақтөбені дамытудың бірінші бас жоспары 1881 жылы жасалды.1880 жылы Ақтөбеде алғашқы халық санағы жүргізілгенде, 409 тұрғын болды. Олар 38 үйде тұрды, оның 5 үйі ағаштан, 33 үйі саман кірпіштен салынған.
Бүгінгі Ақтөбе — өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала.Облыс орталығында әлеуметтік сала дамыған, білім беру мекемелері, оның ішінде жоғарғы оқу орындары желісі, мәдени-спорттық өмірі өркендеген.