Мөлдір бұлақ пен лай су
Көктем мезгілі. Адамдар бітеліп қалған бұлақтың көзін тазалады. Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Оның тұнық суынан әрі бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Лай суға бұл ұнамады.
Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өзінің арнасына бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
- Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек,- деп кеудесін қақты Лай су.
- Онда көлге бірге барайық , әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды. Екеуі көлге келді.
Көл олардың сөзін тыңдады да :
- Кімнің адамдар мен тіршілікке пайдасы тиссе, сол ақсын,-деп жауап береді.
Содан бері Мөлдір судың ағысы тоқтамаған екен.
1-тапсырма. Оқылым мәтіні негізінде кестедегі сұрақтарға жауап бер
Мәтін не туралы?
Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
Мәтіннің түрі?
Мәтіннің жанры?
Мәтіннің стилі?
Шығарма
Қысқы тіршілік.
Аппақ қармен қыс та келіп жетті.Айнала бейне бір ақ тоңға оранғандай.Таңертең қардың ұлпа-ұлпа боп жаууы - ең керемет сәттердің бірі.Бірақ қолына күрегін алып қарды әрі-бері ашып жүргендер де жетерлік.Қар ашылған соң,отын жинау керек.Ағаштарды үсті-үстіне қойып жарып,үйге асыға тасуға тура келеді.Себебі,сары аяз тоңдыртпай қоймайды.Кейін көмірді пешке сатыр-сұтыр етіп салып үйді жылытасың.
Қорадағы екі-үш мал да өз азығын күтіп тұрады.Осы кезде оларға шөп салып,суарасың.
Кешке барлық отбасы мүшелері жиналып,ыстық шаймен бойларын жылытады.Осындай қызба тіршілігімен қыс қызықты еді.
Күрделі сөздер: таңертең,ұлпа-ұлпа,әрі-бері, үсті-үстіне, сатыр-сұтыр,екі-үш,отбасы.