Мінездеме Қарамен берілген тіркестердің синонимін тап. Эмоциялары: мазасыз емес, (сабырлы) әр нә Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман Сөздік қоры жас ерекшелігіне (сай)
Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы. Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Мені ертіп жүрген әкем астананың көрікті жерлерімен таныстырып отырды. Қаланың даму тарихы жайлы айтты. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді. Астана көркейсе, еліміз – кең байтақ Қазақстан, көркейеді. Себебі, Астана –мемлекеттің жүрегі.
Етістіктерді бұйрық рай формасына қойып, сөйлемдер құрау.
Кітапхана бармас бұрын алдын – ала жұмыс істеу куақытын біліп ал.
Сабақтан келіп, тамағыңды ішкен соң сабағыңды оқы.
Демалыс күндері анаңа үй шаруасын істеуге қолғабыс жаса.
Кішкене қарындасыңа сабақ оқуға көмектес.
Қолың бос болса, кешкі асты дайындай сал.
Пәтерақыны уақытында төлеп тұрыңдар.
Енді кітаптың он тоғызыншы бетін ашыңдар да, ережені оқыңдар.
Үйге келе жатқанда нан сатып ала салшы.
Жаулауда малға ие бол.
Ағаң бар кезде компьютердің қолданылуын игеріп ал.
Әжең туған күніңе сыйға тартқан гілді аялап өсір.