В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
111dashamm639
111dashamm639
06.06.2022 18:33 •  Қазақ тiлi

Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті. — Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
— Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті.
Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.
Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.
Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
— Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:
— Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей. — Зарядка жасап жатырмын.
— Ол не дегенің ?
— Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. — Мұратжан-ау, мынауың не?

1. Мұраттың аурушаң болуының 4 себебін жазыңыз.
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
3. Мәтінге тақырып қойыңыз және негізгі идеясын 3 сөйлеммен жазыңыз

Показать ответ
Ответ:
temayurin2016
temayurin2016
24.02.2020 21:08
Отбасының мәні қай халықта болмасын бір. Бірақ қазақ отбасысы өзгеше. Мұндағы айтылатын әкеден балаға берілетін тәрбиесі өзгеше.  Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Қызды жастайынан жақсы келін, әйел,жар болуын тілеп үйретсе, ер баланы жақсы азамат болуына үлкен мән береді. Сондықтан да әр қақаз отбасысынан керемет азамат пен азаматшалар шығады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
дрин2
дрин2
14.02.2020 01:19
Бүгінгі күнде электронды пошта өте танымал. Ол бар ғаламшардың қолданысында.Себебі бұл хат жіберудің тиімді жолы. Сен әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға хат жазып, жауабын оқи аласын. Оған қоса электронды пошта арқылы жаңа дос тауып, керек кезінде хабарыңды, сұрағыңды жазып жібересін. Бұрындарда адамдар жай пошта арқылы хат жіберетін. Сіз жазған, не сізге жазған хатты арнайы адам,яғни, пошташы әкелетін еді. Ал қазір заман талабы өзгерді. Әрбір хат жіберілетін жеріне қарамай, лезде алушыға жетеді. Менің ойымша, электорнды пошта адамдардың шығарған бір кереметтерінің бірі!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота