Мүсіндер осылай аталып келді. А ң ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол – пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары – перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны «Үрей атасы» деп кеткен. Әлемнің ендігі бір кереметі – Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы – Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.
Ең үлкен пирамида қалай аталады?
Хеопс
Хефрен
Сфинкс
Мысыр
[1]
Шығыстың ең үлкен дәлетті қаласы қайда болған? А. Евфратта
В.Вавилонда
С. Каирда
D. Мысырда
[1]
Мәтінге негіз болатын тірек сөздерді жазу.
[2]
Мәтінге жоспар құр.
[3]
Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
1 - тапсырма
Композициялық талдау
1. Шығарманың басталуы. Бейімбет пен жолдасы – Қасымжан ауылдан шығып, келесі бір ауылды бетке алады. Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды.
2. Шығарманың дамуы. Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін суреттейді.
3. Шығарманың байланысы. Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі.
4. Шығарманың шиеленісі. Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманға қоспақ ниетте болады. Әбдрахманның әкесі үйінде шөп болмай Айнабайдың үйіне барғанда Айнабай қос қазыны бұзбай асып, бір арба шөпті тегін беріп жібереді.
5. Шығарманың шарықтау шегі. Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді.
6. Шығарманың шешімі. Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.
2 - тапсырма
КЕЙІПКЕРЛЕР
Жолаушы
Шұға
Әбдірахман
Есімбек
МІНЕЗ ЕРЕКШЕЛІГІ
Жолаушы - әңгімедегі келе жатқан екі жолаушының Шұға туралы әңгімеге қалай кірісуі де оқырманды ынтықтыра түседі екен.
Шұға - Шұға өте сұлу, ақылды, байдың
қызы, Әбдірахманды қатты жақсы
көреді, бірақ Шұға махабаты үшін соңына
дейін шыдамай күйзеліске түсіп қайтыс
болады.
Әбдірахман өте сымбатты жігіт, білімді, діні басқа адам, кедей отбасынан, Шұғаға бір көргеннен ғашық болып қалады. Бір-біріне сезімдерін білдіреді. Бірақ қанша жақсы көргенмен Шұғаның әкесі қызына тең көрмейді себебі Әбдірахман кедей болады.
Есімбек - бай адам, Шұғаның әкесі,сәл
өзімшілдігі бар адам. Қызына Әбдірахманды тең көрмейді, қарсы болады. Бірақ қызы Шұға күйзеліске түседі де қайтыс болады.
ПСИХОЛОГИЗМ
Шұға бейнесі көпшілікке үлгі бола білді. Сөйлеген сөзі мен жүрген жүрісі арқылы шынайы болмысының қандай екендігін анық байқаймыз.
Сол сәттегі Әбдірахман мен Шұғаның сезімі қаншалықты мықты болса да, олар әрі қарай бақыты үшін күреспеді. Бір орында тоқтап қалып, қандай шешім қабылдау керектерін білмей, жолдары екі айырылады. Әбдірахманның Шұға қайтыс болғандағы тартқан азабын, жазылған соңғы хатындағы терең ойын, тек шынайы ниетті жан пайымдауға лайықты деп санаймын.
Менің ойымша кез келген адам өз тағдырының негізгі кейіпкері, әрі қожайыны. Өмірінің қандай сипатта өрбитініне де жалғыз өзі себепкер болып табылады. Лайым дұрыс шешім қабылдап, жаңсық қадамдардан іргемізді аулақ ұстайық.
Ата-анасының разылығын, батасын алмай, қос жұптың бақытты болуы екіталай демекші, Шұға уайымнан құса болып, ауруға шалдығып кетеді. Бұл оған өте ауыр болды.
3 - тапсырма
Идеясы: Гуманизм, адамгершілік, махаббат мәселесі.
Шұға- бейнесі әртүрлі іс-әрекеттің даму
барысында айқындалады. Кейіпкер
арқылы тағдырына ата-анасын да емес,
бауырларын да емес, өзін қоршаған
әлеуметті де емес, тек қана ата салтын
кінәлап, шарасыздыққа, өлімге барып
тірелген қыз тағдырының өкініші, арманы
көрсетіледі.
Әбдірахман - шығармада Шұғаның
рухани біліміне сай жігіттің образы
ретінде Әбдірахман бейнесі таңдалған.
Бұл үзіндіден Әбдірахманның қазақтың
алғашқы оқыған азаматтарының бірі
екені белгілі болады. Сол кездегі
санаулы оқыған қазақ жігіттерінің
арасында білімімен де, көркем мінезімен
де жұрт арасында Әбдірахманның
атағы кең жайылады. Алайда қолының
қысқалығынан ол сүйіктісіне қосыла
алмай мұратына жетпейді.
Есімбек - Есімбек деген байдың ортан
қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен
жалғыз қызы - Шұға болады. Шұғаның
әкесі Есімбек бай қызын кедей жігіті
Әбдірахманға бергісі келмей, жастардың
кездесуіне тыйым салады.
Әңгімеші - шығармада Шұға қыздың
тағдыры арқылы сол кездегі қазақ
қоғамының өмір сүру бейнесі көрініс
тапқан.
Менің сүйікті мезгілім . әне — міне деп , асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз . Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі . Менің ойымша , күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше . Күз мезгілін « алтын күз » деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып , алтын түстес болып , айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады . Осы қызыл , сары , қоңыр жапырақтар - « алтын күздің » айрықша белгілері . Сары жапырақ қоңыр салқын ауа райы , жабырқаушы көңіл - күй , қара суық жер күзге тән қасиет . Күз сонымен қатар молшылықтың , байлықтың , берекенің маусымы . Осы кезде қырман басы тазаланып , бау – бақша жиналып , бидай , тары , күріш , сұлы арпа дақылдары . Құстар да күз келiсiмieн келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді .