М.Шаханов сөзіндегі кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім бола алатын жолдарды ажыратыңыздар. Оларда қандай ойлар айтылғанын жазыңыздар.
Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға
һәм сатуға мүмкіндігі болғасын.
Сенде қазір думан дәурен, масат күн,
Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың,
Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып, сырахана жасаттың.
Тез ашылып саудагерлік дарының,
Таудан, тастан қайтпастай өр арының,
Саудаладың Алматының жарымын
Ұлағатты ұлы қазақ елінде
Сатылмайтын байлықтар да бар, інім.
Жалғыз саған борыштыдай бар халық,
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып,
Кейкиесің қол беруге арланып.
Дегенмен біз сені туған ұлттың
Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар,
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал,
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар?
Асау даусы әр қиырдан естілген
Ағаң бізбіз, ерте есейіп, кеш күлген.
Аман қалған талай қарлы көшкіннен.
Уақыт артқан абырой мен беделі
Сұрап, сатып алынбаған ешкімнен
Үйге тапсырма:
.
Қазақстан жерінің көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. Олар: Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар. Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс -Қарағанды облысы.
Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс - Солтүстік Қазақстан облысы.
Еліміздің аумағында Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі, сонымен қатар ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Ұзындықтары 500 м асатын өзендер: Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Жем, Талас, Үлкен Өзен, Кіші Өзен, Елек, Ырғыз, Сағыз өзені, Шідерті өзені.
Жауаптары:
Абай - кемеңгер, ойшыл, реалист, суреткер ақын. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Ақынның табиғат туралы "Желсіз түнде жарық ай", "Қыс", "Күз", "Жаз" деген өлеңдері бар.Табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай суреттейді.