Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.
Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.
Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.