Мәтін 1ден он зат есімді тауып, орысшаға аударыңыз Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киім-кешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған. Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады.
Төменде берілген сөздерді тәуелдеңіз.
Қорғаныс құралдары, киім-кешек, газтұмылдырық.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — К.Р. мемлекеттік рәміздерінің бірі. Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы кантарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың иннаугурациясы кезінде орындалды.
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.