«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, а ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Сәбит, Жұбандар сөйлеткен қазақ тілі. Қазақ халқымен, бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жүйелі сөзбен алқалы топты еңсерген ойшыл, шешендерді ел басқару ісіне арластырып, халық жүрегінде жатталған дала данышпандары, кемеңгер ойдың кемелді арнасы, тілінен бал тамған, қара қылды қақ жарған әділетті би- шешендер ұлылық пен ұлағат, өнеге мен тағылымның мектебі, аталы ойдың алтын қазығы бола білді. Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. А өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиісті екені анық.
2.Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады); ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы; б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес. Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік Етістік Үстеу Еліктеу сөздер Шылау Одағай
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/6532-til.html#read
© www.ZHARAR.com
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай