Абай (Ибраһим Құнанбаев) (1845- 1904) - ұлы ақын, философ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының рухани көсемі дәрежесіне көтерілген кемеңгер адам. Туып-өскен жері — Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Философиялық пайым деңгейінің жоғарылығы - А. шығармашылығы даралықтарының бірі. А. ұлы ақын ретінде, философ ретінде әлемдік деңгейде мойындалып, танылған тұлға.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Бауырым мына сұрағың ұят болды
Абай Құнанбаев