Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Менің сүйікті кейіпкерім-Алдар көсе.Алдар көсе – қазақ ертегілері мен аңыз әңгімелеріндегі жарқын кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе – дала халқы үшін жомарттықтың, адалдықтың және әділеттіліктің бейнесі. Оның қаруы садақ пен жебе емес, ақылы мен айлакерлігі болып табылады. Тапқыр әрі қу Алдар көсе жарлының баласы болса да өзінің айлакерлігінің арқасында сараң байларды, жалқауларды, ақымақтарды, тіпті шайтандарды да алдап, жазалаған. Ол әділетсіздікпен, қайырымсыз шық бермес шығайбайлармен күресіп, қарапайым халықты қанағандарды жек көрген.
Менің сүйікті спортшым.